Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы



бет83/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


АССИМИЛЯЦИЯ (лат. аssіmіlatіo – ұқсасу, сіңісу, сіңу) – үлкен этникалық ортада саны кем және саяси-мәдениеті мен әлеуметтік жағдайы төмен халықтың өзінің ұлттық болмысынан айырылып, басым халық ара- сында сіңіп кетуі құбылысы. Мәдени А. – белгілі бір, әдетте, «әлсіз» мәде- ниетті өзінен жоғары тұрған сыртқы мәдениеттің арасында толық немесе жартылай таралып кетуі. А-ның негізгі тетіктеріне жаугершілік, этнос- аралық неке, ұлттық салт-дәстүрлерді орындамау, діни ажыратушылық, ана тілін ұмыту, мәдени элитаның доминатты топқа қосылуы жатады. Мәдени А. ұлттық ділден мүлден айырылумен аяқталады. А. табиғи немесе күштеу жолдарымен жүреді. Табиғи А. жаңа этномәдени аймаққа әртекті ұлттардың қоныс аударуы жағдайында жылдам және органикалық түрде жүреді. Осы жолмен Американың көптеген этностары қалыптасқан. Алайда, бастапқы кезде Жаңа Әлемде басқыншылық та, байырғы халықты қыру процестері де болған. Империялық сипаттағы елдерде А. процесі негізінен күштеу арқылы жүзеге асқан. Мәдени жағынан алғанда, А-ның әртүрлі этномәдениетке


83

тигізетін оң ықпалын да (адамдық бірегейлену, мәдениеттердің тоғысуы мен сұхбаты, мәдениет құндылықтарының таралуы мен алмасуы т. б.) ескерген жөн.




АССОЦИАЦИЯ (лат. associatio − қосу, біріктіру, байланыстыру) − психикалық элементтер арасындағы өзара байланыс. Психикадағы бір эле- менттің, белгілі бір жағдайда онымен байланысты басқа элементтерді де туындататыны А-ны білдіреді. Адамның әліпбидегі әріптерді бірізділікпен айтуын қарапайым А-ның нәтижесі ретінде көрсетуге болады. Субъектінің объектімен өзара қатынасының нәтижесінде пайда болатын А. заттар мен құбылыстардың шынайы байланыстарын бейнелейді. А. психикалық іс-әре- кеттің қажетті шарты. А-ның пайда болуының физиологиялық негізінде – И.П. Павлов ашқан уақытша жүйке байланысының қалыптасу механизмі, яғни, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінің арасындағы жүйке жолдарының түйі- суімен, осы бөліктердегі қозудың тұйықталуы жатыр. А. адам психикасын- дағы барлық күрделі құрылымдардың пайда болуының негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет