Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия.
– Алматы, 2007; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 67–69.
АРХИТЕКТОНИКА (грек. archіtektonіke – құрылыс өнері) – 1) үйдің құрылымдық жүйесін құрылыс заңдылықтарына сай, жоғары көркемдік дәрежеде жүзеге асыру және оның нақтылы шешімін табу шеберлігін білдіретін сәулет өнерінің ұғымы; 2) көркем шығарманы құрастырудың жалпы эстетикалық жоспары, оның бөліктерінің өзара байланысының үйлесімдігі. Жалпы мәдени туындыларға қатысты да А. ұғымы қолда- нылады. Әр алуан құрылымдық жүйелердің үйлесімділігін арттыру үшін оның әсемдігі мен функционалдық сәйкестігі біртұтас болуы керек. А-да құрылымның бас элементтері мен қосалқы бөліктерінің арасындағы икемділікке үлкен көңіл бөлінеді. Мыс., мәдени туындының сыртқы бітім- дерінің безендірілуі, қоршаған ортамен және тұрмыс қажеттіліктермен үйлесімділігі, құрастырылу қисындығы А. талаптарына сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |