ДОСТЫҚ – адамдардың бір-біріне қарым-қатынасын білдіретін әлеу- меттік ұғым. Д. мақсат-мүдденің ортақ болуы, өзара мейірбандылық, бірін- бірі құрмет тұту сияқты шынайы сезімді білдіретін адамдар арасындағы ең жоғарғы гуманистік қатынасқа негізделеді. Бұл ұғым адамзат қоғамының ғасырлар бойындағы қарым-қатынасының даму тарихында өркениет пен гуманизмнің дамып, кемелденуі нәтижесінде қалыптасқан. Ұлы ойшылдар мен гуманистер Д. идеясын әрдайым уағыздап отырған. «Пікір бірлігінен Д. туады» (Демокрит). «Уақыт та, арадағы шалғайлық та Д-ты әлсірете алмайды» (Герцен).