Ж. Теория религии. – Минск, 2000. (ҚҰЭ – 3 том, 321 бет). ДЮРИНГ Евгений (12.01.1833 Берлин – 21.05.1921 Новавес), неміс философы, саяси экономика және құқық және әдебиет тарихы мәселелері- мен айналысқан. 1863–1877 жж. Берлин университетінің приват-доценті. Ол ойлаудың жаңа тәсілін айқындайтын «шынайылық философиясының» өзіндік жүйесін жасауға талпыныс жасады. Бірақ оның әрекеті метафизика- лық материализм, позитивизм және кантшылдық элементтерінің қоспасы болып шықты. Ол философияны ақырғы немесе жоғарғы ақиқат тұралы априорлы ілім деп санады. Д. пікірінше дүниенің ақыры жоқ, бірақ дүние- нің уақыт бойынша бастауы бар. Дүние бастапқыда абсалютті тыныштық күйде болған. Тыныштықтан қозғалысқа өтуді Д. материяға тән әлдебір
«механикалық күш» ұғымымен түсіндіреді. Осылайша, Д. алғашқы қозғау- шы күш идеясынан бас тартуға тырысты және материяның атрибуты ретін- дегі қозғалыстың материалистік тұғырнамасынан қашқақтады. Д. уақытты кеңістік пен материядан тыс қарастырды. Д-тің социологиялық тұжы- рымдамасы идеалистік көзқарасқа негізделген. Әлеуметтік теңсіздіктің, қанау мен қайыршылықтың себебі – зорлық. Зорлық таптардан, әлеуметтік теңсіздіктен, қоғамның әлеуметтік құрылымынан тыс қарастырылды. Д. бойынша қоғамды социалистік қайта құру революциялық төңкеріс жолымен емес, Прудоның ұсақ буржуазиялық социализм негізінде ұсақ өндірушілерді біріктіру жолымен іске асуы тиіс. Ол марксизмнің саяси экономикасына, материалистік диалектикасы мен ғылыми социализм идеяларын жақтамады. Оның идеялары неміс социалист-демократтарының арасында танымал болды. Ф. Энгелъс Д-тің көзқарасын «Анти-Дюринг» шығармасында сыни тұрғыдан талдады.