Абайдың қара сөздері



Дата07.02.2022
өлшемі4,34 Mb.
#89846
Байланысты:
кара сөздер
Аяулы анашым, алеуметтану презентация, kotlin, соч

Абайдың қара сөздері

Орындаған: Жайлыбай Ақкенже

Абайдың толық жинағында 1890 мен 1898 жж. арасында жазылған бір алуан шығармалары —«Қара сөз» деп аталады. Бұл ақынның философиялық еңбегі. Барлығы 45 сөз жəне бұған «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. Абайдың «Қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 жəне 1910 жж. қолжазбалары бойынша жарияланып келген. «Қара сөз» проза деген мағынада айтылған. Əдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес «Қара сөзді» қолданады. «Қара сөз» дегеннің мағынасын белгілі ғалым жəне саясаткер Ғ. Есім: «...Абай ойына келген нəрселерін еркін айту үшін, өзі арнайы жанр ойлап тапқан. Ол — сөз жанры. Ақынның қара сөздері — нағыз еркін ойдың жанры. Мұнда ешқандай бір дəстүрге, тəсілге бағынушылық жоқ. Ой еркін айтылған, мазмұн өзіне лайықты форма тапқан.


Ғарифулла Есім
Абай Құнанбаев

Бірінші қарасөзі (1980 жылы)


Абай қалған өмірін қалай өткізгісі келді?
Ел бағу
Балалар бағу
Мал бағу
Софылық қылып, дін бағу
Ғылым бағу
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Он сегізінші қара сөзі (1893 жылы)


Кербездік
Кербездік адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі
Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс.
Абай атамыздың айтуы бойынша, кербез адам ол – надан, санасыз адам
Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.
Сен қандай топтан шықсаңда, ең бастысы ақылың жоғары және жүрегіңде имам болса, сонда ғана сен өзіңді қоршаған адамдардың арасында сыйлы болуға лайықтысың.

Жиырмасыншы қара сөзі (1894 жылы)


Адам баласы не нәрседен жалығады?
Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Жалығу деген сөзді тек өмірдің құндылығын бағалай алмайтындар ғана айтады. Олардың ойынша, дүниенің бар қызығы – байлықта.
Қорытынды ой:
Байлық - өмірдің қызығы деп ойлайтындар нағыз санасыздар. Өмірде қандайда бір дәрежеге жету үшін ең алдымен жаман қасиеттерден арылуымыз керек.

Отыз үшінші қара сөзі (1895 жылы)


Мал — бір жұттық, ал өнер — мəңгілік.
Өнерлі жандарының өзінде де қазақтық кеселдері болады.
1. Талапсыздық. Қолынан келгенге мəз, ал Құдайдың берген қасиетін əрмен қарай жетілдіру, ұштауға қыры жоқ. Осы білгеніміз де жетер деп, соған мақтанып, алыстан өнер іздеп, менен де артық бар-ау, солардан үйренсем деген ой жоқ.
2. Еріншектік. Қолына бірер қара біте қалса, тоқмейілсіп, байлыққа бөккен кісімсіп, бойкүйездікке салыну. Мұндай адам бойындағы қасиетті жойып, жадағай болып қалады.
3. Тамыршылдық. Сəл нəрсеге алданып, «жоғары шыққа» мəз болып, тамырым, досым десе ішкен асын жерге қойып, соның ісімен жүріп, өзінің алданғанын білмей, далбасамен өмір өткізу. Сөйтіп жүріп біреуге борышты болып, басы дауға қалып жүргені.

Қырық төртінші қара сөзі (1898 жылы)


«Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һəм талаптың өзі де түрлі-түрлі»
Сараңдықпен, арамдықпен əйтеуір мал тапсам, «мал тапқан ердің жазығы жоқ дейтұғын» талап.
«Ер атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке, біреу білгіш, қу, сұм атанамын» деп сол харекетте, «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппен жүргендер де бар.
Енді бір талап бар — ол қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарап, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп қазақтың бетінен оқып, ізденген талап». Мұның бəрі кітаптың бетінен оқып іздеген талап емес.
Қорытынды ой: Данышпан ақынның түсінігінше, көкірек таза болмаған жердегі талаптың өзгеге шапағат нұрын төкпейтіні лəзім. Осыдан келіп, Абай рухани тазалық, жан мəдениеттілігі жоқ жердегі талаптың тоғышарлық сипатын терең ашып береді.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет