Әдебиет: Камю А. Избр. проив. – М., 1993; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – 349–350 бб.
КАНОН (грек. kanon – ереже, қағида, өлшем) – берік сақталған, дәстүрлі, жалпыға түсінікті үлгі. Бейнелеу өнерінде көркем тәсілдер мен ережелердің жиынтығы (композиция өлшемі, колорит, пропорция жүйесі). Бейнелеу өнерінде әр дәуірде белгілі бір К-ның берік сақталуы міндетті болған. К. деп сондай-ақ, көркем шығарм.-та өлшем ретінде баланатын ұлы шығармаларды айтады. К. Шығыстың көне мәдениетіне, Көне түркі мәдениетіне және Еуропа мен Азияның ортағасыр мәдениетіне де тән. Қайта өрлеу дәуірінде К. бейнелеу өнерінің түрлі саласында рационалды жолмен бейнеленген заттың (адам тұлғасының пропорциясы т. б.) үздік үлгісін табуға тырысты.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. – Астана: Аударма, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |