КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ(лат. conceptus – ой, көзқарас жүйесі) – ХХ ға- сырдың 70–80 жылдары модернизмде қалыптасқан бағыт. Өнердегі К-тың ерекшелігі – сол өнердегі идеяны материалистік тұрғыдан қабылдауды теріске шығарудан тұрады. Олар «көркемдік идеяны» (басқаша айтқанда, концептуальдық) көрермен санасына схема, диаграмма, таңба арқылы жет- кізуге шақырды. Өнердің өз табиғатын ерекше көрсету бағытын ұстанады.
КОСМОГОНИЯ (грек. kosmos – дүние. әлем, ғарыш) – астрономия ғылымының үлкен бір бөлімі космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аңыз боп айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы айтылады.