Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет544/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ХАНТИНГТОН С. – Гарвард университетінің профессоры, конфлик- толог, мәдениеттанушы, саясаттанушы. 1993 ж. «Нью-Йорк таймста» жарияланған «Өркениеттер қақтығысы: жеңуші мәдени салада айқын- далады» атты мақаласы саясаттанушылар, тарихшылар мен мәдениеттану- шыларға көп ой салды. Х. айтуы бойынша әлемдік саясат өзінің жаңа сатысына көшті. Ендігі жерде дүниедегі болып жатқан қақтығыстар, конфликтер көзі идеологияда, экономикада емес, мәдениетте болмақ. Мәдениеттер, өркениеттер қақтығысы – дүниежүзілік саясаттың үлкен мәселесі дейді Х. Алдыңғы ғасырлардағы теке-тірестік, кикілжің көбінде елбасыларының – монархтар, императорлар, патшалардың арасындағы түсініспеушіліктен, солардың жаңа жерлерге көзін сүзген ашқарақтығынан туындап отырса, кейінірек ұлт пен ұлт, халық пен халық арасындағы жанжалдар пайда бола бастады. Ал бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап оларды» орнын идеология толтырды – алғашқыда коммунизм, кейінірек нацизм мен либералды демократия. «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде жанжал


506


екі ұлы державалар арасында өрбіді, олардың екеуі де ұлттық мемлекет емес еді, идеологиялық қарсыластар еді. «Қырғи-қабақтық» «суық» соғыс- тың аяқталуымен идеологиялық жанжал саясаты да тәмәм болды. Ендігі жерде өркениеттік өзіндік идентификация алдыңғы шепке шығып отыр. Болашақта әлемдік саясатты, әлемнің кейпін жеті-сегіз ірі мәдениеттер, өркениеттер қарым-қатынасы құрастырады. Х. төмендегідей ірі өркениет- терді атап көрсетеді: батыс, конфуцийлік, жапон, ислам, индуистік, православие-славяндық, латынамерикалық және африкалық. Х. ірі жанжал, қақтығыстар өркениеттердің бөлініс аймағында орналасады деп есептейді. Өркениетаралық ыдырау аймағының бірі Еуразия континентіндегі мұсыл- мандық және христиандық мәдениеттердің тоғысқан жерлері – Югославия, Ресей территориялары. Екінші мәдени қақтығыс аймағы – мұсылмандық және индуистік өркениет өкілдерінің тығыз орналасқан жерлері. Өрке- ниеттер қақтығысының себептеріне Х. төмендегілерді жатқызады: өрке- ниеттер арасындағы айырмашылықтар өте терең орналасқан, олар тарихты, тілді, мәдениетті, салт-дәстүрлерді, ал ең бастысы – дінді қамтып жатыр. Сондықтан да олар бір күнде, бір жылда өзгере қоймайды. Әлем кішірейіп келеді. Адамзат қол жеткізген ғылыми-техникалық жаңалықтардың нәти- жесінде адамдар қарым-қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде әркім өзінің өркениеттілік ерекшеліктерін баса түсініп, өзіндік өркениеттік идентификацияға ие болады. Өркениеттер бөлінісінде дін аса маңызды рөлге ие. Өркениеттік өзіндік сананың пайда болуына «өзінің бастауына оралу» құбылысы ықпал етеді. Саяси-экономикалық ерекшеліктермен салыстырғанда мәдени ерек- шеліктер баяу өзгеріп отырады, сондықтан да оларды шешу де, келісімге келтіру де қиынырақ. Экономикалық регионализм сынды нәрселер де өркениеттік өзіндік сананың ұлғаюына әкеледі. Қазіргі таңда басқа өрке- ниеттермен салыстырғанда батыстық өркениет өзінің даму шыңында тұр. Батысқа тосқауыл болар ұлы держава – КСРО-ғы ыдырағалы бері Батысқа өзінің әскери қуатымен теңдес түсер ел жоқ. Экономикалық тұрғыдан, Жапонияны есептемегенде, Еуропаға бәсекелестік тудырар тағы да ешкім жоқ. Сонымен Батыс саяси салада да, қауіпсіздік саласында да, экономика саласында да алдыңғы шепте. Сондықтан да әлемдік саясаттың өзекті мәселелерін де Батыс (АҚШ, Ұлыбритания, Франция), экономикалық мәселелерін де Батыс (АҚШ, Германия, Жапония) шешеді. Х. айтуынша, болашақтағы әлемдік саясаттың мәселелері Батыс пен басқа өркениеттер әлемінің арасындағы қақтығысқа байланысты болады. Батыс пен батыстық емес өркениеттер қатынасы үш түрлі вариантта жүзеге асуы мүмкін: біріншіден, батыстық емес өркениеттер Солтүстік Корея, Бирма сияқты өздерін Батыс ықпалынан шығарып алу үшін изоляциялануы мүмкін; екіншіден, батыстық құндылықтар мен әлеуметтік институттарды қабыл


507

алып, Батыстың «Жүрдек поездының соңғы тепшегіне жабысу», үшінші- ден, Батысқа экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан төтеп бере ала- тын, сөйтіп таразының басын теңдестіретін қарсы салмақты ұйым құра білу. Х.-ның жорамалдауы бойынша, болашақта адамдардың өркениеттік өзіндік идентификациясы басым бола бастағанда бірнеше өркениетке тиеселі жұрты бар мемлекеттерге – «қосынды» мемлекеттерге өте қиын болады, өйткені олар өзара іштей қырқысу нәтижесінде мемлекеттік бір- тұтастылыққа нұқсан келтіреді. Х. осы тұста Югославияны, Кеңестік одақты мысалға келтіре кетеді. Расында да Х.-ның бұл жорамалының іс жүзінде көрінгенін жоққа шығара алмаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет