Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет545/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Хантингтон С. Столкновение цивилизаций // Полис 1994. 1;
«Цивилизационная модель» международных отношений и ее импликации
// Полис. 1995. 1; Глобальные проблемы и общечеловеческие ценности. – М., 1990; А. Уртембаев. Война цивилизаций: определится ли победитель? // Шахар. 1994. 2.


ХАОС (грек. chaos – көнегрек әлемнің алғашқы бейформалы күйі)
– көнегрек мифологиясында бастапқы шексіз тұңғиықты білдірген ұғым. Ол бойынша Х. дүние жаратылыстан бұрын болған бұлдыр тұман, түпсіз тұңғиық, болмыстың ығы-жығы, ретсіз, бей-берекет араласып жатуы дегенді ұғындырады. Кейіннен сол астан-кестен, ұйқы-тұйқы ретсіздіктен болмыс формалары бөлініп шықты деп түсіндіріледі.


ХАРИЗМА (грек. charіsma – шапағат, рақым, құдайы сый) – белгілі тұлғаны немесе құбылысты, ерекше қасиетке теліп, оған әулие ретінде табыну. Харизматикалық көсем деп өте мықты беделге, ақылгөйлікке ие, шексіз тартымды, батыр адамдарды атайды. Х. атауы алғаш рет Э. Трельч пен М. Вебердің әлеуметтанулық концепцияларында қолданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет