ШӘКӘРІМ Құдайбердіұлы (1858–1931) – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, дін тарихшысы, моралист, тарихтанушы. Жастайынан Абайдың тәрбиесін- де болған Ш. ұстазының бүкіл ойларын толық нұсқаландырып, дамытады. Абайда әңгіме, интуиция ретінде кездесетін ниеттер Ш. шығарм-нда дамы- ған нұсқасын табады. Мыс., «үш сүюден» тұратын Абайдың иманигүл ілімін Ш. «Үш анық» кітабында Ұят туралы ілімге айналдырады. Абайдың өсиетімен қажылыққа аттанып, Стамбұлда т. б. қалаларда болып, Шығыс- тану, түрік тарихы, дінтану ілімімен айналысуға мүмкіндік алады. Егер Абай Құдай табарака уатағаланың барлығына үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері әркім әртүрлі сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі,
– десе, Ш. осы тұжырымды көптеген материалдар арқылы дәлелдеуге тырысады. Абайдың сыншыл реформалық бағытын Ш. жалғастырады.
«Үш анық» кітабында Ш. сол кездегі көп еуропалық ағымдардан деректер келтіре отырып, өзі этикалық максимализмге негізделген Ар-ұятты дәріп- теу ілімін жасайды. Міне, осы арада ол Құдай бір де дін көп , бірақ осы жалған айырмашылыққа алданбай, тура Құдайды іздеу керек деген тұжы- рым жасайды. Тура дінді іздеу ұлттың әлемдік ойға – ой қосуының кепілі. Тіпті, алға озудың бірден бір шарты.
Достарыңызбен бөлісу: |