Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет554/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ШВЕЙЦЕР Альберт (1875–1965) – нем-фр. гуманист-философы, теолог, прогресшіл қоғам қайраткері. Көп жылдар бойы Ламбарене село-


512

сында (Габон. Экваторлық Африка) емші болып, өз қызметін гуманистік мұраттар жолындағы күреске арнады. Өзінің филос. көзқарастары (Ш. оларды «жаңа рационализм» деп атады) негізіне дүние туралы білімді емес, өмір фактісін, «өмірдің өзіне сүйсіну» фактісін алып, «өмірдің өзіне сүйсіну» бүкіл философияның принципі болуға тиіс деп санады. Ш. бұл принципті өркениеттің кеселді зардаптарына қарсы өзінше бір «сүзгі» ретінде қарастырып, оны адамзатты моральдық жағынан жетілдірудің үміті деп білді. Алайда Ш. гуманистік мұраттарды жүзеге асыруға жеткізетін нақты жол әлеум. өзгерістерде емес, жекелеген адамдардың «өз табиғатын» жақсартуға бағытталған жеке күш-жігерінде деп санады. Ш-дің адамзат болашағына оптимистік көзқарасында діни сарын болды, Христің бейнесін этикалық түрде түсіндіруге бейім тұрды. Жалпы алғанда Ш-дің дүниетанымда сындарлы жүйе болған жоқ, ол әртүрлі филос. концепция біріктірді. Ш. соғысқа қарсы болып, ядролық қаруға тыйым салуды жақтады. Бейбітшіліктің Нобель сыйл. лауреаты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет