Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаттары:
А)білімдік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын және ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын түсіндіру.
Ә) дамытушылық – Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтеріліске талдау жасап, топтамалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Б) тәрбиелік – Жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбиебере отырып, халқымыздың басынан өткен қатпарлы тарихын ден қойып оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімдерді хабарлау, меңгерту, білімді бекіту
Сабақтың әдісі: Әңгіме, ауызша сұрау, тест. Мультимедиалық лекция, ойтолғау және шағын пікір талас. түсіндіру, көрсету, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекті құрал-жабдықтары
А) Оқытудың дидактикалық көрнекіліктері:Кешенді әдістемелер. Карта. Слайттар
Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, География
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа зейінін аудару
б) сабаққа қатысуын тексеру
ә) сабақтың мақсатын хабарлау, оқушылардың сабаққа белсенділігін ұйымдастыру.
II. Өткен тақырыпты сұрау.
Сынып оқушыларын екі топқа бөліп екі тест тапсырмасы арқылы білімдерін интерактивтік тақта арқылы тексеру
Тест сұрақтары №1
1.Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары
а) жер кеңейту
ә) орысша үйрену
б) сыртқы жаулардан қорғану
2. Ресей бодандығына алғаш өткен жүз және оның ханы
а) ұлы жүз Семеке хан
ә) орта жүз Абылай хан
б) кіші жүз Әбілхайыр хан
3. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары қазақ халқының қанша бөлігі қырғынға ұшырады?
а) үштен бірі
ә) үштен екісі
б) үштен үші
4. Ұлытау жерін басьш алуға жылжыған жоңғарларды қандай жерде ойсырата жеңді?
а) Аңырақай
ә) Жоңғар қақпасы
б) Қарасиыр
5. Аңырақай шайқасының жеңісінен кейін қазақ үстем тап өкілдерінің арасында қандай жағдай болды?
а) алауыздық туып, ыдырай бастады.
ә) үш жүздің басы қосылды
б) патша үкіметіне тәуелді болу басталды
6. Тевкелев әкелген патша үкіметінің талап ету нұсқауы қанша ережеден тұратын еді?
а) 20
ә) 12
б) 18
7. Қазақ елінің басына түске ауыр кезеңді суреттейтін ән:
а) Атамекен
ә) Қамажай
б) Елім-ай
8.XIX ғасырдың 20-жылдарының басында қазақ қоныстарына шабуыл жасап отырхан хан:
а) Шыңғыс хан
ә) Мухаммед Рахым
б) Қалден - Серен
9. Ұлы жүздің шығыс бөлігін билеген Суйік султан 1819 жылы қандай шешім қабылдады?
а) сыртқы жаудан қорғау және саяси бытыраңқылықты жою үшін қол жинау туралы
ә) хандық билікті тоқтату туралы
б) жергілікті халықтың атынан патша өкіметінің қол астына өтуге тілек білдіру туралы
10. XIX ғасырдың 20—30-жылдары "Азия комитеті" құрылу себебі?
а) бекіністер салу үшін
ә) патша өкіметінің саясатын Азияның ішкі аудандарына енгізу үшін.
б) қарапайым халықты айтқандарына күштеп көндіру үшін
Тест сұрақтары №2
1. 1824 ж. Кіші жүзде хандық өкіметтің жойылуына қандай жарғы әсер етті?
а) «Сібір қырғыздарының Жарғысы».
ә) «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»
б) «Азия комитетіін құру туралы Жарғы»
2.XIX ғасырдың 60-жылдары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінің Ресейге қантөгіспен қосылуы қандай оқиғаны білдіреді?
а) жергілікті жерлерде көтерілістердің шығуы
ә) бекіністер салудың көбейюі
б)бүкіл қазақ жерінің Ресейге қосылуының аяқталған кезі болды.
3. Еуропаға даңқы жеткен ең ірі қозғалыс
а) Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
ә) Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
б) Кенесары ханның басшылығымен болған 1837-1847 ж.ж. ұлт-азаттық көтеріліс.
4. Билер сотын жойып, хандық сот енгізген қай хан?
а) Нұралы
ә) Кенесары
б) Жәңгір
5. Патша үкіметінің қол астындағы қазақ елінде қандай өзгерістер болды?
а) Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.
ә) қазақ халқы салт-дәстүрін ұмытты
б) қазақ халқы отырықшылыққа көшті
6. Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі не болды?
а) жерге егін егу
ә) орыстарды қоныстандыру
б) жергілікті халықтың жағдайын жақсарту
7. 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының қанша пайызын қамтыды?
а) 10,5
ә) 20,5
б) 30,5
8. Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Қазақстанның қай өңірінде ашылды?
а) Батыс және Оңтүстік Қазақстанда
ә)Шығыс және Орталық Қазақстанда
б) Солтүстік және Жетісуда
9. 1905 ж. қаңтарда іске қосылған Орынбор – Ташкент темір жолының ұзындығы қанша км болды?
а) (ұз.2000 км)
ә)(ұз.2185 км)
б) (ұз.1656 км)
10. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бойынша қоныстанушы әр жанға қанша десятина жер берілді?
а) 30 десятина жер берілді.
ә)30 десятина жер берілді.
б) 30 десятина жер берілді.
III. Жаңа сабақ
Жоспар
Көтерілістің шығу себебі
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Дереккөздер
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай менЖетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» газеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайдаболды. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. 1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты» , ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт – азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды. Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды.
IV. Бекіту
Оқушылардың алған білімін бекіту барысында: отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістің маңызына талдау жасап, тапсымалар арқылы ой-өрісін дамыту жұмыстары
Тапсырма №1
Жаңа тақырыптың жоспары бойынша сынып оқушыларына зерттеме жұмыстары
Көтерілістің шығу себебі
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Тапсырма
|
«Зерде»тобы
|
«Тарихшылар»тобы
|
«Алғырлар» тобы
|
Көтерілістің шығу себебі
|
|
|
|
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы
|
|
|
|
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
|
|
|
|
Тапсырма №2
Көтеріліс барысындағы тұлғаны танып, ойтолғау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |