Сабақтың мақсаттары


Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәм­бетов, Ұзақ Саурықов, Жаңабай Құдайбергенов, Серікбай Қанаев, Қазбек Шорманов, Тоқаш Бокин, Әубәкір



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,72 Mb.
#6869
түріСабақ
1   2   3

Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәм­бетов, Ұзақ Саурықов, Жаңабай Құдайбергенов, Серікбай Қанаев, Қазбек Шорманов, Тоқаш Бокин, Әубәкір және Жақыпберді Солтанбекұлдары, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар, т.б.

Тапсырма № 3

Қазақстанның түпкір-түпкірінде болған ұлт-азаттық көтерілістер жайындағы әңгімелер, өлеңдер, жырлар халық жадында сақталып, бізге дейін жеткен. Жетісудағы көтерілісті басқарған Бек­болат Әшекеевке арналған «Бекболат» атты жырды оқушылардың кезектесіп оқуы.

...Даланы қара бұлт басты,

Найзағай ойнап, от шашты.

Жым-жырт жатқан сахара,

Басқандай болды албасты.

Зілді кезең кездесіп,

Кәрі, жастан сұр қашты,

Жарлығы шығып патшаның,

Ел сенделді, ер састы.

Ежелгі кек оянып,

Көтеріліп жұрт дуласты 

...Біреу олай сөйледі,

Біреу былай сөйледі:

-Баланы қолдан бергенше,

Қасірет, қайғы көргенше,

Патшаға қарсы тұрамыз.

Өлсек, шәйт боламыз, -

«Сұры жаман қазақты»,

Көздерімен көргенін,

Патшаға жігіт бергенше,

Жақсы көрер қырылып,

Өз жерінде өлгенін,

Жолықты бізге көп қазақ,

Жайнаған оттай шоқ қазақ.

Ауыл сайын біз бардық,

Ықыласы жоқ қазақ.

Палбаум,тақсыр,жанарал!

Қазақ әскер бермейді,

Бұл сөзіме құлақ сал.

Қанға былғар қолдарын,

Беруге қимай ұлдарын,

Көзім көрді көп қазақ

Баталасып тұрғанын 

Жұрт жиылды айқайлап,

Ырым қылып өзінше,

Бір ағашқа ту байлап,

Көп халайық көтерді,

Бекболатты бас сайлап... 

Сол уақытта ұрыстың,

Басталар кезі дәл болды.

Біреудің біреу малына,

Ие болар күн болды.

Патша әскері қазаққа,

Күйік болар күн болды.

Айдағаны әскердің

Түйе болар күн болды.

Үсті-басы қазақтың,

Шие болар күн болды 

...Қазақтан талай кісі шығын болды,

Жүз елу жылқы жауға тығын болды.

...Әуелі Бекболатты әкетті айдап,

Ат үстінде аяқ қолын байлап,

Артынан қалғандарын қоса айдап,

Бейшара түсті қолға соры қайнап,

...Атты казак орыстар,

Қамап алып келеді.

...Көк мылтықты көпіртіп,

Көкке қарап келеді.

Ер Бекболат сияқты,

Бекке қарап келеді.

Бекболат ер ашулы,

Шетке қарап келеді.

Елден адам бар болса,

Сәлем айтсам жұртыма,

Деп те қарап келеді.

Дар түбіне барады,

Жан-жағына қарады.

Ауылдасы Мұстафа,

Дереу келе қалады,

Көзіне жас алады.

Абдоллаға сәлем де,

Танырсыз менің баламды.

Басқа сөзге уақыт жоқ,

Мойныма арқан салады... -

Біз де адамнан туып едік,

Адамбыз деп жүріп едік.

Сарала шенді шошқаға

Қандай күнә қылып едік?

Алым бермей қойдық па?

Малын бермей қойдық ба?

Сендердің де біздей болып,

Бала-шағаң шуласын,

Үстіңдегі патшаң

Апиын жеп уласын, -

Сойылы бар батырдың

Талайын атқан оқпенен,

Жапалақтай жығылған,

Сай-салада тығылған.

Қызыл жоса,қырман боп,

Қырылдық жаман шыбыннан.

Албанның қасқа қайсары

Серікбай, Ұзақ, Жәмеңке -

Бәрі он екі кісі еді,

Қарақолға бет алып,

Қара жолмен шұбырған 

Ел күңіріне үріккенде

Кеулей қашып жөнелдік.

Атадан қалған қой, жылқы

Тимей қашып жөнелдік.

Тіккен үйді тенкейтіп

Кірмей қашып жөнелдік.

Екі жеңін шапанның

Кимей қашып жөнелдік.

О қашқаннан бардық та

Қытайға барып тығылдық

Аяғын құшып қалмақтың

Жалынып, жарбап жығылдық, -


V. Сабақты қорытындылау
Кестені толтыру



Каталог: uploads -> doc -> 1140
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1140 -> Сабақтың тақырыбы: Мектеп ғимараты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет