Оқу сауаттылығы 1 нұсқа
1-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында. Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады.Патша жалақысының аздығына қайран қалады.
– Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.
Ақкөңіл диқан күлімсіреп: Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтажыма жұмсаймын, – дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Ол намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алды. Балалары да ер жеткен соң ата-анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі.
1) Патша кедейге неліктен таңғалды? А) жұмбақтап айтқан жауабына
В) жалданып еңбек ететіндігіне
С) еңбек ақысының тым аздығына
D) егістік жердің өзгенікі екендігіне
2) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта. A) Не ексең соны орасың. B) Қанағат қарын тойғызар. C) Еңбегі көптің өнбегі көп. D) Ханда қырық кісінің ақылы бар.
3) Мәтінге ат қой. _____________________________________________________________
4) 1-абзацтағы «лира» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? ________________________
5) Егінші ақшасының бір бөлігін ата- анасына беретінін қалай жұмбақтап айтты? _________________________________________________________________________