Математикалық сауаттылық
1. Асан алманың ¼ бөлігін жеді. Жеген бөлігі қалай аталады?
а) тұтас ә) ширек б) жартысы
2.Жазбаша есепте және көбейтумен тексер.
9120:30
а) 304 ә) 301 б) 300
3.Амалдардың орындалу ретін жазып, баған түрінде шығару жолын көрсетіп, шешуін тап.
(18370+23679):7*40+256900
4. Баған түрінде көбейтіп жаз. 5.Теңдеуді шеш
458*95 Х:258=98756-97984
6.Жазбаша есепте және көбейтумен тексер.
51600:86
а) 605
ә) 600
б) 610
7. Туристер саяхатқа шықты. Олар бірінші күні 12 км, екінші күні 4 км артық, ал үшінші күні-бірінші күн мен екінші күнді қосқандағыдан 4 есе кем жүрді. Осы үш күнде туристер неше километр жүріп өтті?
8.Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?
а) 6 ә) 9 б) 3
9.Жүк машинасы 70 км/сағ жылдамдықпен 280 км жүрді. Ол жолда неше сағат болды?
а) 4 сағ ә) 3 сағ б) 2сағ
10.Периметрі 230 см болатын тіктөртбұрыштың ені 2 см. Ұзындығын тап.
а) 10 см ә) 8см б) 6см в) 4 см
11. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?
12. Тіктөртбұрыштың ауданын табу.
а) ұзындығы мен енін көбейтеді ә) ұзындығы мен биіктігін көбейтеді
б) ұзындығы мен енін қосады.
Жаратылыстану ғылыми-сауаттылық
1. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
а) балдырлар ә)ағаштар б)гүлдер
2.Өсімдіктің тіршілігі неден басталады?
а) тұқымның өнуінен ә) жапырақтың шығуынан б)өсімдіктің гүлденуінен
3.Өсімдіктің даму кезеңдерін ретімен ата
а) жас өсімдік, гүл, тұқым, өскін, жеміс
ә) тұқым, өскін, жас өсімдік, гүл, жеміс
б)жеміс, өскін, тұқым, жас өсімдік, гүл
4. Симбиоз дегеніміз.
а) бірлескен қарым-қатынас
ә) жеке дара қатынас
б) алыстан қатынас
5.Көбелек қалай пайда болады?
а) жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, ересек көбелек
ә) жұмыртқа, қуыршақ, жұлдызқұрт, ересек көбелек
б) жұмыртқа, ересек көбелек, қуыршақ, жұлдызқұрт
6.Жартқыш жануарлар
а) қасқыр
ә) ақбөкен
б) сиыр
7.Құрғақшылық жағдайда өсімдіктер өздерін қалай құтқарады?
а) булану арқылы
ә) ылғал сақтау арқылы
б) жасырыну арқылы
8.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді көрсет.
а)беде
ә)жантақ
б)жолжелкен
Достарыңызбен бөлісу: |