Жүйелі жіктеу
1. Өсімдіктердің бөлінуі
2. Өсімдіктерге тән белгілер
3.Өсімдіктердің көбеюі
4. Өсімдіктерді жіктеу
|
1. Өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер болып екіге бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырларды жатқызамыз. Ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге мүктерді, қырықбуындарды, өсімдіктерді жатқызамыз.
2. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер:
1. Қасеттері: зат алмасу, көбюе, тыныс алу, тітіркену, қоректену, т.б
2. барлығы жасушалардан тұрады.
3. Ұлпалары: түзуші, негізгі, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады.
4. Мүшелері: сабығы, тамыры, жапырағы, гүлі болады.
5. Өсімдіктер тіршілігінің соңына дейін өсе береді
6. Көбеюі: өсімді, жынысты, жыныссыз
3. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті.
Өсімді көбею дегеніміз – денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы.
Жыныссыз көбею споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспора қозғалғыш спора деген мағынаны береді. Зооспоралар арқылы көбюе суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән.
Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар қосылып зигота пайда болады.
4. Қазір жер бетінде 500 мыңдай түрі, ал ҚР 5600 дей өсімдік түрлері бар. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды – тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды – қатарға, ұқсас қатарларды – класқа, кластарды- бөлімге жіктейді. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр.
|
Әсер етуші факторлар
|