Өсімдіктерді жинау, кептіру және кеппешөптерді даярлау әдістері



Дата08.09.2017
өлшемі26,8 Kb.
Өсімдіктерді жинау, кептіру және кеппешөптерді даярлау әдістері.

Өсімдіктерді жинау және кептіру әдістері, өсімдіктерден кеппешөп немесе коллекция жасау үшін пайдаланылатын арнайы тактикалық тәсілдер. Кеппешөп жасау үшін өсімдіктерді жинауды ерте көктемнен қоңыр күзге дейін жүргізуге болады. Өсімдіктерді жинауда, олардың гүлдеп немесе тұқым беріп тұрған кезін таңдап алған қолайлы.

Өсімдіктерді жинау ашық ауа-райында жүргізіледі, таңғы сағат 10-11 аралығы ең қолайлы болып табылады. Кеппешөпке жиналатын өсімдік міндетті түрде құрғақ болуы тиіс. Егер де ол дымқыл немесе ылғалды болса, онда өсімдік тез шіріп, бұзылып кетеді.

Өсімдіктерді жинаудан бұрын экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар алдын – ала даярланып алынады. Өсімдіктерді жинауға керекті құрал-жабдықтар төмендегідей: ботаникалық папка (пресс), өсімдікті қазып алуға арналған күрек немесе қалақша, қағаз, компас, 9-10 дәрежелі қол лупасы, этикеткалар, қойын дәптер, карандаш, пакет қажет.

Өсімдіктерді өсіп тұрған жерінен қазып алуға кішкене күрек немесе қалақша пайдаланылады. Ол мықты, әрі жерді жақсы қазатын, алып жүруге өте ыңғайлы, әрі жеңіл болуы тиіс. Бұл тамыры тереңдегі өсімдіктердің жер астындағы мүшелеррін зақымдамай алу үшін қажетті құрал. Өсімдіктерді жинағанда өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің (сабақ, жапырақ, тамыр, гүл) түгел болуын қарастыру керек. Қазып алынған өсімдіктердің жапырағына, сабағына, тамырына жабысқан топырақтанжәне тағы басқада керексіз зақымдалған бөліктерін жақсылап тазалайды да, қағаз парағына саламыз.

Жиналған өсімдіктерді жақсылап кептіру үшін ең алдымен су сорғыш қағаздар қажет. Бірақ су сорғыш қағаздар үнемі бола бермейді, сондықтан су сорғыш қағаздардың орнына кәдімгі газет қағаздарын пайдалануға болады. Қағазды экскурсияға шығар алдына жеткілікті етіп, тіпті артығымен алған жөн. Өсімдік мүшелерін жазып салып, тегістеліп кебуіне мүмкіндік жасайды.

Ботаникалық папка ішіне жиналған өсімдіктерді қағаздарға салып кептіреміз. Ботаникалық папка тығыз картоннан, фанерден немесе темір тордан жасалынады. Папка көлемі 50-35 см, оның төрт бұрышынан ұзынша саңылау етіп тесіп, жасалған саңылаулар арқылы жалпақ жіп немесе қайыс өткізіледі; мұнан басқа көптеген саңылаулар ауа өту үшін жасалынады. Барлық өсімдіктер папкаға салынған соң, бетіне папканың екінші сыңарын қойып, тығыздап жіппен немесе қайыспен байлайды да, құрғақ жерге іліп қояды. Кептіруге қойған өсімдіктердің арасына құрғатуға арналған газеттерді күніне бір немесе екі рет (таңертен, кешке) ауыстырып отыру керек. Өсімдік кебе бастағаннан кейін аралық газеттерді (құрғатқыш) күніне бір рет, кейіннен екі күнде бір рет ауыстырады. Жақсы кепкен өсімдік былқылдақ болмай, серпілгіш, майысқақ, болуға тиісті.

Кеппешөп (гербарий) – барлық мүшелері белгілі форматта толық жиналып, кептірілген және этикетка толтырылған өсімдік даналары. Кептірілген дайын өсімдіктерден кеппешөп жасалынады. Кеппешөп көлемі 45 х 30 см, оның бір беті қалың қағаздан немесе картоннан, ал екінші беті калькадан жасалады. Кептірілген өсімдікті белгілі көлемдегі картонның бетіне салып, оны ине жіппен тігеді.

Кеппешөп – кепкен өсімдіктер коллекциясы - систематикалық, флористикалық және ботаника – географиялық зерттеулерге таптырмайтын ең маңызды негіз болып табылады. Ғылым үшін жер бетінің үлгілерін, табиғаттың құнды құжаттарын сақтауға және өсімдіктерді жылдың кез-келген мезгілінде оқып зерттеуге, анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғарғы оқу орнындағы кеппешөп – оқытушылардың, студенттердің, магистраттардың оқу жүргізу базасы, кең білім алудың міндетті элементі.



Этикетка дегеніміз жиналған өсімдіктер жөнінде қысқаша мәлімет жазылған қағаз. Кеппешөпте жиналған әрбір өсімдікте этикетка болуы тиіс. Этикетка көлемі 12 см х 7 см, этикетканы кеппешөптің оң жақ төменгі бұрышына орналастырады, этикетка керекті, маңызды ғылыми құжат болып саналады.

Өсімдікті жинағанда этикетка қағазын ала жүріп, әрбір өсімдіктің қай жерден, қашан, жинаған студенттің аты-жөні, өсімдік тұқымдасының, туысының, түрінің латынша және қазақша атауы жазылуы керек.
Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет