І. Ұйымдастыру бөлімі. – жүргізуші Кіріспе сөз. Бүгінгі бізідің кешіміздың тақырыбы «Үш бәйтерек»



Дата11.01.2017
өлшемі0,82 Mb.
#6912



«Үш бәйтерек»

(Поэзия кеші)


Көрнекілігі: І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің портреті, ақын жазушылардың шығармалар жинағы, техникалық құралдар, викториналық сұрақтар, слайттар.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. – жүргізуші Кіріспе сөз.

- Бүгінгі бізідің кешіміздың тақырыбы «Үш бәйтерек». Біз бүгінгі кешімізде, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің өмірі мен шығарамашылығы туралы мәліметтермен танысамыз. Олардың бір заманның өкілі екені анық.

        Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет  Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.

         «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

         Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты.

 ІІ. Негізгі бөлімі.



1 – жүргізуші. «Туған жерім – Сарыарқа».

- Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.

         Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті.

       Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді.

 2 – жүргізуші:

         Сәкеннің жан – жақты білім алуы, азаматтық - әлеуметтік көзқарастырының қалыптасуы, шығарамашылық қадамының басталуы оның 1908 – 1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты.

 1оқырман «Ананың хаты» 

«Балам, сағындым,

Ұмыттың ғой, бізді, тіпті,

Бір келмедің не қылдым?

Оқу іздеп кеткеніңнен

Ауылға бір қайтпадың.

Біз не көрдік жеткеніңнен,

Елге уәж айтпадың.

Жас күнінде көп ойлаушы ем,

Сені әлдилеп, тербетіп.

Арманым жоқ, деп ойлаушы ем,

Қалқам өссе ер жетіп.

Болмай шықты ойлағаным,

Сен жігіт боп жеткен соң,

Қалжырадым, ойла, жаным,

Сен алысқа кеткен соң.

Пәлен жерде сені сырттан

Ұлық болды деседі.

Ағайының естіп жұрттан,

Гулеп желдей еседі.

Арманым зор неғылайын,

Елге келіп тұрмадың.

Маған салып сары уайым,

Артқа мойын бұрмадың.

Ойла енді, кім мені күтті,

Қартайдым, кем саулығым.

Үй іші де тозып бітті,

Тозды баста жаулығым.

Қалжырадым, сағындым мен,

Бір кеп көрін көзіме.

Ұмытқандай не қылдым мен,

Жауап қайтар сөзіме!»

 1 - жүргізуші

Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді.

 2 – оқырман «Жұмыскерлерге»

( Нілді, Спасск, Қарағанды заводтарының жұмыскерлеріне арналады)

Түсің суық, тәнің шойын, жалаңаш.

Өлшеген нан, қара суды қылып ас.

Тұрмыс лажын жер астынан іздеген,

Күндіз – түні алысқаның көмір тас.

Ауыр балға, ауыр қайла, күрегің.

Күшті қолда: болат жұмыр білегің.

Балшық басқан, күйе басқан жалаңаш,

Бауырларым, теңелуің – тілегім.

Жүректің де әлі – ақ бітер жарасы,

Орнар бақыт бітіп дүние аласы.

Қажымандар, михнатта – рахат бар,

Бауырларым, қалың нашар баласы.



1 – жүргізуші

С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген.

         Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.

         Сазгер ретінде  Сәкен  Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.



3 – оқырман

Сендерге, қарындастар,

Сендерге, інілер,

Сендерге арналды бұл әндер!

Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,

Әділідік, тендік іздеген.

Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,

Еркіндік, кеңдік іздеген,

Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар,

Сендерге арналды бұл әндер.

 2 – жүргізуші

1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басынатабыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла да репрессияға ұшырады.

 «Анаға жауап»

Амансың ба, байғұс апа?

Денің сау ма, әп – еке?

Қайтардың ба, болып қапа?

Әжемдей боп тәп екең?

Қалжырадым, сағындым деп,

Елге қайт деп жылайсың!

Ұмытқандай неғылдым деп,

Тез хат сал деп сұрайсын.

Тапқан жолым қазіргі осы,

Жат – ау саған тілдерім.

Біздің үкім әзірге осы,

Жалпы теңтік ілгері.

Қайт деп, апа, жылай берме,

Жүремін ғой, жазып хат.

Жазғытұрым барам елге,

Партком берсе рұқсат!

 1 – жүргізуші

Екінші бәйтерегіміз – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі - өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен.

     Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті.

 4- оқырман

Жер таппан жерде жетер Жетісуым:

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым

Асқардың аспан сүйген сілекейін,

Жан барма таппайтұғын, айтпайтұғын.

Тарбиған Тарбағатай жердің құты,

Барлық – ол «қыдыр түннен көшкен жұрты».

Оранған ақ кебенек аруақты Алтай

Төгіліп бізге таман жатыр мұрты.

5- оқырман

Қып – қызыл жамағандай тауды мыспен,

Қорғасын қорығындай су – күміспен.

Құймақы, қоңыр қара жақпарлары

Арналып отырғандай алып күшпен.

Таутеке, марал, бұғы тағылары,

Тау – тасын мекендеген қысы – жазы.

 6- оқырман

Ыстықкөл жер айнасы мөлтілейді,

Балқашты қамыс қамап желкілейді.

Атанған алты өзені Жетісудың

Балқашқа бауырым деп еңкілдейді.

Неше елді аттандырған құтты қоныс

Әлі тұр әсемдігі тауысылмай.

Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,

Жерінің Жетісуы бәрі осындай!

 2 – жүргізуші

Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады.

 7Оқырман   «Туған жер»

Мен өзім тауда туып, тасында өстім,

Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім;

Асқарда Аршалыға қозы жайып,

Бұлттың аспандағы қасында өстім.

Жөңкенің жоғары ала басында өстім,

Ақ гауһар Ақтастының тасында өстім.

Аспанда ақиығы шаңқылдаған

Құздардың құламалы астында өстім.

Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген,

Тасы жоқ, таусыз жерді жерсінбеген.

Алматым Алатаудың бауырында

Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден.

 1 – жүргізуші

1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.

         Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.

         Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат – кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.

2 – жүргізуші

         Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын – жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды.

         Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді.

 8- Оқырман

Келді теңдік, туды теңдік басыңа,

Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.

Туысқандық, құрдастыққа асыға –

Алалықты арандағы жой, қазақ!

Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!

Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да!

Азынаулақ миың болса басыңда,

Партия – штат, дау – шарыңды қой, қазақ!

 1 – жүргізуші

         Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын алады.

        Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті.        

Б. Майлин «Арман».

 Арман! Арман!

Дүние жалған-

Мың құлпырдың күніне,

Күйдін,жандын,

Малды алдың,

Жеттің ақыр түбіне.

Өткен арман!

Алуан,алуан-

Өмір сүрген дәуренім.

Бәрі бітіп,

Сәнім кетіп,

Осы күні әуремін.

Бояудан тон-

Көрінген соң,

Қайнағаны сорымның.

Зарлап – зарлан!

Арман, арман!

Бөгелгені жолымның.

1- жүргізуші:



Қазақ совет адебиетінің классигі Б. Майлин – халық тудырған тарлан талант. Оның көркем шығармалары халық арасына кең таралған.Әдебиетіміздің барлық жанырындағы шүрайлы шығармалары оның жомарт дорыны мен жаңашылық ізденімпаздығының тамаша жемісі. Жазушының әдеби мұрасы –халқымыздың аса бағалы мәдени игілігі, әли талай урпақтың қызыға ақитын рухани қазынасы болып қала береді

2- жүргізуші:

Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.



1 - жүргізуші:

Қазақ зиялылары,ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл - ұлтшылдар» атанды.20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді.Қуғын- сүргінге ұшырап, атылды.

 2 - жүргізуші:

Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады.

 

қырман

Заман қалай, адам қалай өзгерді

Өзгергенді шүкір қазір көз көрді.

Арың менен ақиқаттың алдында

Шындықты айтып шыңғыратын кез келді.

Айтса нанар сенгіш халық едік қой.

Халқымыздың қамын жеген ұлдарын

О, ғаламат, халық жауы дедік қой!

 Қорытынды бөлімі

1- жүргізуші:

Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өлеңдері халқының журегінде сақтала берсін, маржан поэзиясы болашақ ұрпақтың қадірлейтін қазнасы бола берсін, халқымыздың ақлына ақыл, ойына ой қасып, парасат биігінен көріне берсін.



1.Викторина

1. Сәкен Сейфуллиннің шын аты? (Садуақас)

2. Сәкеннің өмір сүрген жылдары ?(1894-1938)

3. Бейімбет Майлиннің шын аты ? (Бимағамбет)

4. Бейімбетті кім тәрбиеледі ? ( шешесі)

5. Ілияс Жансүгіровтың туған жері ? (Алматы облысы, Ақсу ауданы)

6. Ілияс Жансүгіров кімнің тәрбиесінде болды? (әкесінің)

7. Ілияс Жансүгіровтың қай поэмасында Ақан сері өмірі бейнеленген (Құлагер)

8. Сәкеннің туған жері? (Ақмола облысы)

9. Бейімбет Майлиннің туған жері. ? (Қостанай уезі)

10. Сәкеннің әдеби қызметінің жиырма жылдығы қай жылы тойланды?

(1936)


11. Қазақтың үш бәйтерегін ата ? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет).

 

Мазмұны:





  1. «Үш бәйтерек» (поэзия кеші)

  2. Викторина







Нуринская ЦБС
Сектор развития библиотек

Үш бәйтерек






Киевка - 2014

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет