Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы



бет13/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. Астана: Аударма, 2005; Ислам. Энциклопедиялық сөздік.
/ құр. Б. Аяған. – Алматы: Аруна, 2009.


АВТОРИТАРИЗМ (лат. аuctoritas – билік, ықпал ету) – бір немесе бірнеше адамның шексіз билігіне негізделген кейбір ерекше демократия- лық емес режимдердің сипаттамасы. А. билеген қоғамда экономикалық, азаматтық, рухани бостандықтар сақталса да, толық мөлшерде дамымайды. Бұл терминді неомарксизмнің Франкфурт мектебінің өкілдері енгізген. Олардың ойынша А. сипаттары саяси мәдениетке де, бұқаралық санаға да тән. Мұндай саяси нұсқада ерікті сайлаулар өткізілмей, тек мемлекеттік құрылымдар ғана билік етеді, яғни, нағыз демократиялық сипаттар мүлде жоқ. Көбінесе мұндай құрылымдарда белгілі жеке тұлғаның шексіз диктатурасы орнатылады. Бұлардың қатарына теократиялық режимдерді де жатқызуға болады. Мұндай жағдайда саяси билік діни басшылықтың қолында шоғырланады.


АГНОСТИЦИЗМ (грек. agnostos – біліп болмайтын, белгісіз) – болмысты тану, дербес ақиқатқа жету мүмкін емес дейтін тұжырымға негізделген философиялық ілім. А. танымды жоққа шығармайды. А. таным туралы емес, оның мүмкіндігін анықтайтын, нақты дүниеге қатысы туралы ғылым саласы. Дүниені неге біліп, тануға болмайды? Себебі біз оны тек адами түрде ғана сезінеміз, уақыт пен кеңістік арқылы ғана танимыз.


14

Демек, біздің танымымыз шектеулі. Тек бар нәрсені ғана білуге болады. Жоқ нәрсені білу мүмкін емес. Оған тек сенуге ғана болады. Міне, бұдан философия мен діннің айырмашылығы шығады. А. таза филос. ұғым. Егер дін көзге көрінбейтін нәрсені бар десе, философия бар нәрсенің өзін танып, білу мүмкіндігіне күмәнданады. А. ұғымын ХІХ ғ-дың діни сайыстарында ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 ж. Т. Гексли енгізген. А-нің қайнар көздері – скептицизм, Зенонның апориялары, Д. Юм ілімі, И. Канттың антиномиялары. А-нің өкілдері танып, білу құбылысының шынайы қиыншылықтары: мәңгі өзгерістегі тіршілікті толық ұғынудың беймүмкіндігін, оның нақты адамдардың сезімі мен санасында өзгеше түрленуін түсінген. А. ілімі қазір көп қолданылмаса да, өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет