Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


ҒҰЛАМА – (араб. білгір, дана) дін ілімдеріне жетік, оқымысты, ақыл- Ғ



бет136/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ҒҰЛАМА – (араб. білгір, дана) дін ілімдеріне жетік, оқымысты, ақыл- Ғ
парасат иесі. Қазақ даласына Ислам діні мен мәдениетінің орнығуына орай,
ислам ілімінің негіздерін, Құран ілімін, хадис ілімін, фиқх ілімін терең де, жан-жақты меңгерген, ислам ахлақын өз бойында қалыптастырған адамдарды осылайша атаған. Ғ. ғалымдар ислами оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған, ар-ұяты таза, көркем мінезді, кемел, ілім мен білімді елі үшін жиған ғұламалар ел арасында абыройға ие болған. Ғ-лардың ілімі мен өнегелі өмірі киелі адамдар ретінде қастерленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. Алматы: Аруна, 2009; Құран
Кәрім аудармасы. – Алматы: Дәуір, 2003.


ҒЫЛЫМ – объективті, жүйелі және негіздемелі білімді бағамдауға, зерделеуге арналған адам танымының ерекше түрі. Танымның басқа да түр- лерімен (мифологиялық, діни, философиялық, көркемдік және т. б.) тығыз байланыста өмір сүреді. Ғ-ның басты мақсаты – шындықтың өзіне тән заң- дарды ашу, сөйтіп адамның түрлендірушілік іс-әрекетіне негіз болатын білімге қол жеткізу. Ғ. дүниені танып-білуге бағытталғандықтан оның кез келген заты, құбылысы, үдерісі ғылыми танымның объектісі бола алады. Объектінің әртүрлі жақтарын зерделеп, Ғ. оларды өзінің зерттеу пәніне ай- налдырады. Ғылыми танымның объектісі мен субъектісі, олардың өзара әсері мәдени-тарихи дамып, субъектінің танымдық іс-әрекетінің белсен- ділігі барған сайын артып отырады. Сондықтан Ғ. өзіне тән танымдық іс-әрекет пен білімнің бірлігі деп анықтауға болады. Санқырлы дүниені объективті бейнелеп, оның ғылыми суретін жасап Ғ. өзара байланысқан көп салалы мәдениеттің бір ғана саласын құрайды. Ғ-ның пәндік облысы тарихи дамып, кеңейіп, кәдуілгі практика шеңберінен асып, тек болашақта ғана игерілуі мүмкін объектілерге жол салады. Сондықтан Ғ-ми іс-әрекеттің


181

қажетті бір формасына Ғ. эксперимент жатады. Оны іске асыру үшін айырықша құрал-жабдықтар, приборлар қажет. Ғ-ми іс-әрекеттің өзіне сай әдістері, арнайыланған тілі, приборлар кешені болады. Әдіс мәселесі мұнда маңызды рөл атқаратындықтан, жаңа әдістер оңтайланып, іріктеліп, олардың мүмкіндіктері зерттелініп отырады. Мұндай білімдер жүйесі Ғ-ми әдіснамада жинақталады, дамытылады. Ғ. субъектісі (ғалымдар, Ғ-ми қауымдастық) оның тілін, әдістерін, құрал-жабдықтарын еркін игеруі үшін арнайы дайындықтан өтуі, Ғ-ми мектептерде тәрбие алып, жаңа Ғ-ми мәселелерді қойып шешуге бейімделуі тиіс. Ғ. қоғам өмірімен, қоғамдық мұқтаждықтармен тығыз байланысқан әлеуметтік институт болып табы- лады. Ғ. кәсіби айналысу үшін оған тән құндылықтар жүйесін, Ғ-ми зерт- теудің идеалдары мен нормаларын игеру қажет. Мұнда, әсіресе, ақиқат мәселесі, ақиқатты іздеу, ақиқат білімді өндіру, оның критерийлерін ажы- рата білу сияқты сауалдар алға шығады. Ғ-ми білім қалыптасуы көне заманнан басталып, алғы – Ғ. сатысынан өтіп, сөздің өз мағынасына сай келетін нағыз Ғ. сатысына көтеріледі. Нақтылы Ғ-ми білім дамуының үш тарихи кезеңі бар: классикалық (ХVII–XIX ғғ.), классикалық емес (XIX ғ. соңынан XX ғ. соңғы ширегіне дейін) және постклассикалық емес (ХХ ғ. соңғы ширегінен бастап). Ғ-ми білім дамуының әр кезеңінің өз ерекшелік- тері (объектілерінде, әдістерінде, теориялық құрылымында, идеалдары мен нормаларында және т. б.) бар. Ғ-ми білім өз даму үдерісінде тұтас теориялық танымның алғашқы формасы болып табылатын философиядан біртіндеп тарихи бөлініп шығады. Осыған орай Ғ. былайша жіктеледі: математика, жаратылыстанулық, техникалық және әлеуметтік Ғ-дар.


XIX ғ. ортасына қарай Ғ-ң пәндік (дисциплинарлық) құрылымы орны- ғып, өте күрделі өзара байланысқан Ғ.-ми пәндер жүйесі пайда болады. Әрбір Ғ. саласы іштей дифференциацияланып, өзіне сай идеалдар мен нормаларға, философиялық-дүниетанымдық негіздемелерге ие болып, зерттеуші объективті шындықтың Ғ.-ми суреттемесін сомдайды.
Қазіргі Ғ. дамуының басты заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады: Ғ. дифференциациялануы мен интеграциялануы, математика- ландырылуы, үздіктілік (революция) пен үздіксіздіктің (эволюция) бірлігі, сабақтастық принципі, философияның, теориялық білім мәртебесінің жоға- рылауы, Ғ-дардың өзара әсерінің, ішкі бірлігінің артуы және т. б. Ғ-ның әлеуметтік институт ретіндегі атқаратын қызметтері (функциялары) де тарихи өзгеріп отырады. Қазіргі Ғ-ң негізгі қызметтерін былайша жіктеуге болады: мәдени-дүниетанымдық, тікелей өндіргіш күш ретіндегі және оның әлеуметтік күш ретіндегі қызметтері. Ғ-ң әлеуметтік күш ретіндегі қызметі қазіргі жаһандану заманында барған сайын арта түсуде. Қазақстанда Ғ-ды дамытудың жаңа бағдарламасы негізінде Қазақстан халықтары алдына интеллектуалды ұлтқа айналу, индустриалдық-инновациялық дамуды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет