Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет15/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АДАМНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫ – даналыққа қол жеткізу ар- қылы адамның жетілген бітімі қалыптасуы. А. ж. ж. д-ын Сократ оның игілікті тегіс қамти алуы хақындағы өзінің идеясымен байланыстырады. Эпикуршылар А. ж. ж. д-ын оның қайырымдылық мінезінің жетілуімен өлшейді. А. ж. ж. д-ы туралы Эпикур іліміндегі негізгі идея, ол – адамның өзін-өзі тәрбиелеуі мен үйренуі арқылы даналық шегіне жетіп, қайырымдылық шыңына көтерілу мұраты. А. ж. ж. д. мәселесінде Демокрит пен Эпикур білім арқылы қорқынышты жеңу жолын ұсынса, стоиктер тағдырға қарсы адамның дербестігін жетілдіру жолын ұсынады. Стоицизм бұл орайда адамды тағдыр қиындықтарына қарсы тұра алатын қабілетін тәрбиелеу мәселесін көтереді. Ежелгі грек философиясындағы А-ның ж.- ж. д. тұжырымдамасындағы басты ұстаным: адам құндылығын түсіну, оның шығармашылық әлеуетін мен кемелдене алу қабілетін мойындап, адамның онтологиялық болмысын анықтау. Әл-Фараби А. дамуындағы басты мақсаты интеллектуальды-рухани жетілу арқылы бақытқа жету деп көрсетеді. «Бақытқа жету жолын көрсету» деген трактатында: «Бақыт – ол әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол қандайда бір жетілу болып табылады». Әл-Фарабидің пікірінше, адамның жан-жақты жетіліп, бақытқа


25

жетуі үшін жағымды іс-әрекет, ізгі мінез, дұрыс ақыл қажет. А. ж.-ж. д-ын адам әдебінің жетілуімен сәйкестендіреді. А-ның ж-ж д., әл-Фарабидің айтуы бойынша, практикалық ақылдың міндетіне жатады. Практикалық ақыл адамның кәміл дамуы үшін мүмкіндік жасайды. Әл-Фарабидің А-ның ж.-ж. д. ілімінен шығатын түйіндер: адам барлық заттың өлшемі, ол – басты құндылық, адам ақылы табиғат құбылыстарын танудағы басты құрал, адамзат қоғамының прогресіне кәміл сенім, адам дамып кемелденуі арқылы көркемділік, сұлулық, үйлесімділік ұғымдарының кеңеюі. Әл-Фараби үшін жан-жақты жетіліп, кемелденген адам – өз күш-қуатын адамдардың игілігіне жұмсайтын тұлға. Ондай адам ақыл мен әдептілікті, ізеттілікті үйлесімді тоғыстырады.




АДАСУ – ақиқат ретінде жаңсақ қабылданатын, нақты шындықпен сәйкес келмейтін сана мазмұны. А. ұғымын танымдық тұрғыда және моральдық тұрғыда қарастыруға болады. Танымдық тұрғыда А. таным- ның шындықтан ауытқуын білдірсе, ал екіншісі, адамның өмір жолында қателесуін, теріс жолға түсіп, азғындауын, адамгершілік, кісілік жолдан шығуын білдіреді. А. да шындықты, объективті дүниені біржақты бейнелейтін белгілі бір шындыққа сүйенеді. А-дың басталуы таным жолын таңдау еркіндігін дұрыс пайдаланбаумен, шешілетін мәселенің күрделілігімен, ойды іске асыру барысындағы мәліметтің толымсызды- ғымен байланысты. А-дың психологиялық және әлеуметтік негіздері болады. Бірақ оны моральдық-психологиялық феномен ретіндегі саналы өтіріктен ажырата білуіміз керек. Өтірік істің шынайы болмысын бұр- малаумен байланысты, біреуді саналы түрде қателесуге итермелеу мақса- тын көздейді. А. – қателескен пайымға негізделетін ақиқаттан ауытқу, ол әр кезде жаңсақ алғышарттарға сүйенеді. Сондықтан, оны қателесуден ажы- рата білуіміз қажет. Қателесу ойлаудың тек формальды тұсындағы ауыт- қуларды ғана көрсетеді. А-ға алғашқы жіктемені Ф. Бэкон өзінің «идол- дар» туралы ілімінде берген болатын. Оның философиялық жүйесінің сынға арналған бөлігі негізінен адамның адасуының себептерін анықтауға және оларды жоюдың жолдарын ұсынуға бағытталған. А. – адамға тән құбылыс, яғни өмір жолында қателесу, тіршілік бағдарынан шатасу, теріс жолға түсу, азғындап адасу, адамгершілік, кісілік жолынан шығу дегенді білдіреді. Діни философия А-ды адамның кәміл жаратылыс болмауымен байланыстырады. Адамға тән үштік құрылым: жан, тән және рух, оған А-дың тән болатындығын дәлелдейді. Екінші фактор еркіндікті орнымен пайдаланбау. Құранда: «Сәмуд қауымына келер болсақ, біз оларға тура жолды көрсеттік. Бірақ олар адасушылықты таңдады» (44/17-аят) делінеді. Мұхаммед пайғамбар: «Ей қауым! Сендерден бұрынғы қауым осы себепті (тағдыр жайлы таласқа түскені үшін) адасқан. Кітаптың бір бөлімін екінші


26

бөліміне қарсы қойғаны үшін адасты…» – деп айтқан. Ислам дінінде кісілік жолы «құдай жолы» мәнімен үндеседі. Абай әділет пен шапағаттан айрылу



  • А-дың басы екенін аңғартады. «…Ғадаләт, шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та һәммасы босанады. Аллаяр софының бір фәрдәдан жүз фәрдә бижай (жайсыз, қолайсыз) дегені басына келеді» дейді Абай. Енді бірде Абай: «Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егер адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады» дейді. Бұл тәлім сөздер кісілік жолдан адастыратындардан аулақ болу шартын уағыздайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет