Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. – М., 1983



бет150/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. – М., 1983.


ДЕКАДАНС (франц. dekadance – түңілу) – ХІХ ғасырдың екінші жар- тысы мен ХХ ғасырдың басыңдағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байқалғанын білді- ретін, Еуропа мәдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы. ХХ ғасырда модернизм ұғымымен байланыстырылған кейбір бағыттардан Д. өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Д. аумалы-төкпелі замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге ұмтылып, қоғамдық талас-тартыстан алшактап дарашылдық, сыршылдық сезімге бой ұрады. Төңкерістік бағыттағы үрдістердің қоғамды соқыр сенімнің жетегі- мен қиратуға бағыттайтынын көріп, Д. бағытындағы суреткерлер торығу күйін кешті. Д. бағытындағы суреткерлердің көзқарасы бойынша, кез-келген таптық күрес пен қоғамдық прогресс формасының мақсаты қоғамдағы қатынасты қайшылыққа әкеледі деп таниды. Өнердің саяси және азаматтық тақырыптан оқшаулануы суреткерлердің пікірінше шығармашылықтың еркіндік жағдайымен тікелей байланысты. Д. «өнер өнер үшін» деген қағи- даны қолданғаны да тек қоғамдық күрестен бас тарту деп қана қарамай, көркем өнердің, әдебиеттің өзіндік құндылығын ескеру, шығармашылық- тың еркіндікті сақтауға ұмтылу деп таныған жөн. Д-тың Тұлғаның еркіндігін тануы жалпы эстетикалық құндылықтардан, сұлулықты талғам биіктігі- мен пара-пар тең қарастырумен үндеседі. Д-тың тұрақты тақырыбы – өмір мен өлім мотиві, рухани құндылықтар идеалына деген сағыныш сарыны болып табылады. Д. барлық жағынан өнер мен әдебиетті әр деңгейде суреткер шығармашылығынан көрініс тапқан бағыты – «модерн» стилінде, символизм ағымында деп айтуға болады.


ДЕКАРТ Рене (латынша аты Картезий) – 1596 жылы 31 наурызда Лаэ қалашығында дүниеге келіп, 1650 жылы 11 ақпанда Стокгольмде өмірден озған француз математигі, философы, физигі және физиологы, аналитикалық геометрия мен қазіргі алгебраикалық символиканың негізін


199

қалаушы, физикадағы механицизмнің, психологиядағы рефлексиология- ның, философиядағы дуализм мен түбегейлі күмәндану әдісінің авторы.


Д. философиясы дуалистік ілім, өйткені ол дүниеде екі объективті мәннің бар екенін мойындайды. Біріншісі созылмалы (res extensa) және зерделі (res cogitans), дегенмен ойланатын жандағы олардың өзара әрекеті мәселесі оның философиясында шешілмеген күйінде қалды. Кәдімгі мате- риядан басқа Д. көзге көрінбейтін нәзік материяның кең көлемін бөліп көрсетеді: солардың көмегімен жылудың, тартылыстың, электрдің және магнетизмнің қызметін түсіндіруге тырысады. Д. философияға қосқан басты үлесі танымның әмбебап әдісі ретіндегі рационализм философиясын классикалық құрастыруы болды. Д. пікірінше, зерде тәжірибенің берген мәліметтерін сыни бағалайды да олардан табиғатта жасырын болатын математикалық тілде айтылатын шынайы заңдарды шығарады. Тиімді қолданған жағдайда зерденің қуатында шек жоқ. Д.-ң тағы бір маңызды қыры механицизм. Материя (оның ішінде нәзік материя) элементарлық бөлшектерден тұрады, олардың жергілікті механикалық өзара әрекеті барлық табиғи құбылыстарды тудырады. Сондай-ақ Д. философиялық дүниетанымына скептицизм және алдыңғы схоластикалық философиялық дәстүрді сынау тән. Сананың өзіндік дәйектілігі, cogito – ойлау (декарттық тезис – «ойлаймын, демек, өмір сүремін» – лат. Cogito, ergo sum), сол сияқты туа бітті идеялар теориясы да картезиандық гносеологияның бастапқы бабы болып табылады. Д. дүниетанымы картезиандықтың бастауы болды және ол мына бағыттардан көрінді: голландиялық (Барух Спиноза), неміс (Готфрид Вильгельм Лейбниц) және француздық (Николь Мальбранш).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет