Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. – Астана: Елорда, 2005. – 352 б



бет164/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. – Астана: Елорда, 2005. – 352 б.


ДИАХРОНИЯ (грек. dіa – арқылы, chronos – уақыт) – түрлі тілдік жүйе мен тілдік құбылыстың тарихи дамуы, бүтіндей алғанда лингивистикалық зерттеудің пәні. Синхронияға қарама-қарсы қойылады. Д. зерттеу объектісіне тарихи тұрғыдан келу бағдарында әдебиеттану мен семиотикада да қол- даныс тапты. Д. зерттеу – мәдениетті тарихи тұрғыдан, уақыт жағынан түрлі кезеңде қалыптасқан мәдени құндылықтарды салыстыра зерттеу. Эволюциялық зерттеу – Д. тәсілі. Мәдениетті Д. тұрғыдан зерттеудің басты ұстыны хронологиялық жолмен сатылай зерттеу болып табылады.


ДИДРО Дени (1713–1784) – француз философы, жазушы, өнер теоре- тигі. XVIII ғ. француз «Энциклопедиясын» ұйымдастырушы, әрі редакторы. Д. тұжырымы бойынша адамның өзін сүюі жақсы қасиет, бірақ Гельвеций тұжырымы бойынша адамның өзін сүюі эгоизмнің бастауы деген пікірге қарсы тұрады. Д-ның ірі шығармалары: «Философиялық ойлар», «Аллея, немесе Скептиктің серуені» (1747), «Көзі көретіндерге сабақ үшін соқырлар туралы хат» (1749), «Табиғатты тану туралы ойлар,» «Д, Аламбердің Д-мен


215

әңгімесі», «Д. Аламбердің түсі», «Монахиня», «Рамоның жиені», «Жак- фаталист және оның қожайыны», т. б.


Әдебиет: Дидро Д. Собр. соч. – М., 1935–1947. Т. 1–10; Философия.
Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 238–239.


ДИКТАТУРА (лат. dictatura – үстем билік) – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың күш қолдануға негізделеген тәсілі. Мазмұны мен мән жағынан демократияға қарсы ұғым. Д., әдетте, әлеум.-экон. дағдарыстың асқынып, әлеум. Топтар мен жіктердің арасындағы саяси күрестің шиеленіскен кезінде, төтенше жағдайларда пайда болады. Ол авторитарлық және тотали- тарлық, әскери және азаматтық, революциялық, консервативтік, реакция- лық, т. б. мемлекеттегі биліктің тармақтарға бөлінбейтіндігімен, азаматтық- қоғамдық бастаманы басып, жаншылдығымен сипатталады. Саяси және әлеум. бақылау тәсілі дөркі күшке негізделіп, армияға арқа сүйеді. Елде қа- таң тәртіп орнайды. Марксизм-ленинизм ілімі Д. ұғымын кеңінен қолданды, бірақ тек өзінің идеол. мүддесі тұрғысынан түсіндірілді; яғни белгілі бір топтың – әлеум. жіктің үстемдік құруы ретінде бейнеледі. Алғашқы кезеңде пролетариат Д-сы қанаушы топтың қарсылығын басу үшін керек, одан кейін ол әлеум.-әулеттік айырмашылықтың бәрін жояды, тапсыз қоғамға өтуге алғышарттар әзірлейді деп санады. Шын мәнінде, пролетариат Д-сы тұрпайы күштеу, зорлық-зомбылық арқылы орнап, басшылық жасады. Сондықтан сенімнен айырылып, көздеген мақсатына жете алмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет