Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет336/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   401
Байланысты:
treatise187525

СЛАВЯНОФИЛЬДЕР – ХІХ ғасырдағы орыс қоғамдық ой-пікіріндегі консервативті саяси және діни-философиялық ағымның өкілдері. Ол ағымның өкілдерінің айтуы бойынша Ресейдің Батыс Еуропамен салыс- тырғанда өзіндік ерекше даму жолы бар деп қарастырылады. Славяншыл- дылықтың негізін қалаушылар – И.В. Киреевский (1806–1856), А.С. Хомяков (1804–1860), К.С. Аксаков (1817–1860), Ю.Ф. Самарин (1819–1876) т. б.
С-дің алғашқы идеялары әдебиетте 1839 ж. көрініс тауып, 1940–50 жыл- дары ары қарай дамыды. С-дің пайда болуына Ресейдің рухани өмірінде
«батысшылдық» идеялық ағымның таралуы басты себепкер еді. Славян- шылдықтың негізінде орыс мәдениетінің, тарихи дамуының, әлеум.- экономикалық құрылысының өзіндік қасиеттері туралы көзқарастар тұр. С. православиені, қауымдық құрылысты, орыс халқының көнбістік, төзімділік қасиеттерін, таптық жіктелудің шиеленіспегендігін орыс тарихының, орыс дінінің ерекшелігі деп есептейді. С. көп еңбектерінде шынайы ақиқат дін ретінде тек православиені қарастыру керек деген асыра сілтеушілікпен де айналысты. Сөйтіп тіпті православие дініне бас ұратын орыс халқының етегінен ұстаған жағдайда ғана басқа бұратана халықтар болашақтан үміт күте алады деген колониалистік көзқарастарды да кеңінен уағыздап отырды. Қазан төңкерілісінен кейін (1917 ж.) С. көбінде шет елдерге қоныс теуіп, сондағы орыс эмиграциясының арасында таралды.


СОПЫЛЫҚ – Исламда XІІІ–ІX ғасырларда пайда болған діни- мистикалық ілім. Сопылық ілімнің ислам әлемінде кең таралуы Жәми, Руми, әл-Фараби, әл-Ғазали, Хафиз, Омар Хайям секілді исламның классикалық кезеңінің ойшылдарына байланысты. Сопылық ілім адамды жетілдірудің жеке дара діни-мистикалық жүйесі болғасын, онда эзотерикалық сипат басым. Сопылық жолға түсу алдымен ұстаз табудан басталады. Кейін ұстаздың бақылауымен мүрит психофизикалық жаттығуларға көшіп, сопылық танымның ілімдік негіздерін ұғынуға көшеді. Сопылық тәжірибе арқылы күнделікті білімнін сыңаржақтылығы әшкереленгесін шәкірт дүниені өзгеше тани бастайды: әртүрлі заттардың, дүниенің төрт бұрын- шының қарама-қайшылығы сыдырылып, бірлігі айқындала береді. Бұл бірліктің негізі ретінде сопымен байланысқа түскен Ақиқат көрінеді. Сопылық жолға түскен танымның үш сатысынан өтеді: шариғатты тану, тариқатқа түсу, хақиқатқа жетіп, «фана» болу. Орта Азияға кең тараған Қожа Ахмет Ясауидің ілімі бойынша сопылықтың төртінші сатысы бар,
ол – маарифатқа жету. Христиан дінімен салыстырғанда исламның құдайы тұлғасыз болғандықтан, сопылықта микрокосм макрокосмда жоғалады. Әл-Халладж, әл-Бистамилар өздерін хақпен теңеген. Бірақ сопылық тұрғысынан «фана» буддизмдегідей жолдың ақыры емес, адам жанының мәңгілік ғұмырға көшуі. Сопылық жолының өзге діндермен ұқсастығы оның көп мәдени ықпалдан өтуін айғақтап, көптеген философиялық және танымдық сауалдар туындатады. Қазіргі араб ғалымдары Еуропадағы көптеген рыцарлық, масондық (қасиетті Августин, Ассиздік Франциск, Фома Аквинский, Дунс Скотт және т. б.) христиан философтарын еуропалық сопылық дәстүрге жатқызады. Орта Азиямен Қазақстанда орта ғасырдан бері сопылықтың Ясауи және нақышбандиалар бағыттары таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет