Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет332/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   401
Байланысты:
treatise187525

СЕМИОЛОГИЯ – семиотика терминімен қатар қолданылатын термин. Ол тіл теориясын және оның басқа да белгілер жүйесімен байланысын білдіреді. С. терминін Ф. де Соссюр енгізген болатын. С-ны дамытуға Р. Барттың шығармалары көп әсер етті. Олардың түсіндіруі бойынша ақпарат алмасудың табиғи тілден басқа да көптеген белгілер жүйесі бар. Мәдениеттің алуан түрлі бөліктерінің әрқайсысы өзіндік бір тілдік жүйе деп танылуға құқы бар. Тағам, азық-түлік, киім-кешектен бастап әдебиет, кино, архитектура және т. б. – мәдениеттің тілдік жүйелері болып табылады. Мәдениеттің өзін де метатіл деп тануға болады, өйткені мәдениетті таңба- белгіден тысқары, яғни тілдік-белгілік жүйелерден бөлек қарастыруға болмайды. Адам әлемі – таңбалық әлем, адам болмысы – таңба-белгі болмысы. С. мәселелері тікелей мәдениет семиотикасымен де байланысты.


СЕМИОТИКА (греч. semeіon – белгі) – белгілер жүйесінің (табиғи тілдің, жасанды тілдің, әртүрлі белгілік коммуникация мен адамдар және жануарлар әлемінде қалыптасқан сигналдық жүйелердің, компьютерлік бағдарламалардың т. б.) қасиеттерін зерттейтін филос.-теориялық ғылыми бағыт. С. ХХ ғ-да дүниеге келген кибернетика, құрылымдық поэтика, мәдениеттану, виртуалистика сынды пәнаралық күрделі ғылымдарға жатады. С.-ның діңгегін белгі ұғымы құрайды. Белгі деп белгілер жүйесінің немесе белгілі бір ақпарат тасушы тілдің өлшемдік бірлігін айтады. С. термині алғаш рет Дж. Локктың «Адам ақыл-парасаты жайында» атты еңбегінде белгілер туралы жалпы ғылым мағынасында пайдаланылған болатын. С-ның негізгі принциптерін алғашқылардың бірі болып американ логигі Ч.С. Пирс қалыптастырды. Ол 1967 жылдың өзінде-ақ белгілердің алғашқы классификациясын жасамақшы болған еді. Сөйтіп ол бүкіл өмірін белгілер жүйесінің мәнін ашып, олардың өзара ерекшеліктерін анықтауға жұмсады. ХХ ғ-да С. құрылымдық лингвистиканың негізін қалаған Ф. де Соссюрдің ықпалымен лингвистикалық бағыт алды. Бұл үдеріске даниялық құрылымдық лингвистиканың көне бастаушысы Луи Ельмслев пен американдық философ Чарльз Моррис те үлкен ықпал етті. 1960 – 70 ж-да С-ның ірі мектебі қалыптасты: франциялық (Клод Леви-Строс, Альгирдас Греймас, Цветан Тодоров, Ролан Барт, Юлия Кристева) және мәскеулік- тартулық (Ю.М. Лотман, З.Г. Минц, И.А. Чернов – Тартудан; В.Н. Топоров, Вяч. Вс. Иванов, Б.А. Успенский, И.И. Ревзин – Мәскеуден). С-ның үш құрылымдық бөлігі бар. Олар: 1) синтактика – белгілердің бір-бірімен қатынасын зерттейді; 2) семантика – белгі мен оның білдіретін мағынасы арасындағы қатынасты анықтайды; 3) прагматика – белгінің сол белгіні жіберуші, қабыл алушы және белгілік іс-әрекет аясымен байланысын түсіндіреді. ХХ ғ-да С. жұртшылыққа кең танымал, көп ізденістерге жол ашқан ірі де күрделі пәнге айналды. Мәдениеттің көп салаларының бәрін


433

де, тіпті мәдениеттің өзін де (метатіл) тіл ретінде қарастыру әбден мүмкін болғандықтан оларды белгілер жүйесі деп танып, оларға өзіндік семантика беру нәтижесінде әдебиет С-сы, шахмат С-сы, жарнама С-сы, кино С-сы, музыка С-сы, мода С-сы, мәдениет С-сы және т.с.с. пайда болды. Орыс мәдениеттанулық мектептерінің қалыптасу барысында С-лық ізденістердің тигізген әсері зор. Мыс., орыс С-ның ірі тұлғасы тартулық Ю.М. Лотманның орыс әдебиеті мен орыс тұрмыс салтының С-на арналған еңбектері шынайы философиялық ізденістер де болып табылады.




СЕПИР Эдуард (1884–1939) – американдық этнолог, лингвист, философ; жалпы тілтану мәселелерімен, америкалық үндістердің тілі мен мәдениетін зерттеумен айналысқан ғалым. Ол мәдениетті салааралық деңгейде зерттеудің маңыздылығын ашып көрсете білген зерттеуші. Оның еңбектерінде тілдің әлем туралы көзқарастардың, дүниетанымның қалыптасуына тигізетін әсері туралы көп айтылады. Ол жазба тілі дамымаған халықтар мәдениетінің маңызын жоққа шығаратын концепцияларға қарсы шығып, тосқауыл қоя білген ғалым. С. тілді салт-дәстүр, фольклор аясында қарастырған, сөйтіп тілді мәдениет феномені ретінде барынша толық, жан- жақты зерттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет