Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Негізгі еңбектері: «Традиции свободомыслия и атеизма в духовной культуре казахского народа» (1973), «Исследователь, мыслитель» (1974)



бет330/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Негізгі еңбектері: «Традиции свободомыслия и атеизма в духовной культуре казахского народа» (1973), «Исследователь, мыслитель» (1974),
«Казахская философия XV – начала ХХ века» (1996) және т. б.


СЕЙТАХМЕТОВ Нұрлан Қадырұлы (1950–2009) – философия ғылым- дарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясында, Жоғары партия мектебінде, Абай атындағы ҚазҰПУ-да, Абылайхан атындағы ҚазМХҚХТУ-да, ҚазМемПУ-де қызмет атқарды. Ол өзінің саналы ғұмырын қазақстандық философиялық мектебінің тұлға философиясы деп аталатын жаңа бағытын негіздеуге арнады. Оның терең айналысқан саласы философия тарихы, оның ішінде немістің классикалық философиясы болып табылады. Ол сонымен қатар әлеуметтік философия және мәдениеттану саласының білікті маманы болатын. Өзінің ғылыми жұмыстарын шәкірттерге дәріс берумен сабақтастырды. 2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына иеленіп, грант арқылы Германия жерінде болып қайтты және соның нәтижесінде «Герман идеализмінің тұлғалық мағынасы» деген іргелі еңбек пайда болды. Н. Сейтахметов философиялық ақиқаттың қайнар көздерін анықтаумен айналысты, философияға тән адамгершілік негіздерді айқындады. Ол көптеген халықаралық деңгейдегі ғылыми- теориялық конференцияларға қатысып, философиялық шығармашылықтың болмыстық мағынасын анықтаумен айналысты. Оның жарық көрген көрнекті жеке және ұжымдық еңбектерінің қатарына «Диалектика свободы как творчество», «Личностный смысл философской культуры»,
«Общение и личность», «Нравсвенный смысл германского идеализма»,
«Полисемантические и социально-философские контексты формирования толерантного сознания» және т. б. шығармалар жатады.


СЕНІМ – білімге негізделмесе де белгілі бір құбылыстың ақиқаттығы- на илану. Мәдениет тарихында С. деп әртүрлі құбылыстар, теориялар мен ойдан шығарылған таңғажайып жағдайларды ешбір дәлелдеусіз, шындық деп қабыл алуды атайды. Табиғаттан тыс күштерге көзсіз С. кез келген діннің құрамдас бөлігі болып табылады. Күнделікті қарым-қатнаста С. деп әлі теориялық жағынан да, тәжірибе жүзінде де дәлелденбеген ғылыми болжамдарға күдіксіз қарауды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет