Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет340/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   401
Байланысты:
treatise187525

СПИНОЗА Барух (Бенедикт) (1632–1377) – нидерландтық философ. Амстердамның еврей шіркеу қауымынан дінге еркін көзқарасы үшін аластатылған. С. философиядағы геом. әдістің негізін салды. С. ілімі испан феод. монархиясы езгісінен бостандық алған Нидерландының алдыңғы


қатарлы капит. елге айналған тарихи жағдайында қалыптасты. XVII ғ-да С. алдыңғы ойшылдар Ф.Бэкон және Р.Декартпен бірге білімнің мақсаты табиғатты меңгеру және адамды барынша жетілдіру деп есептеді. С. өзінен бұрынғы ойшылдардың ілімін бостандық туралы іліммен толықтырды: ол қажеттілік шеңберінде адам бостандығының қалай мүмкін болатынын дәлелдеді. С. осы мәселені шешу жолында өзінің табиғат туралы іліміне арқа сүйеді. Декарттің дуализміне қарама-қарсы С. өзіне өзі себепші (Causa Sui) табиғат қана өмір сүреді, ол өзінің болмысы үшін ешнәрсені де қажетсінбейді деп есептеді. «Жаратушы табиғат» ретінде ол – субстанция, немесе өзі атағандай ол – құдай. С. ешнәрсеге тәуелсіз болмыс немесе субстанциядан шектелген жеке заттар (модустар) дүниесін ажыратады. Субстанция біртұтас болса, модустар шексіз көп болып келеді. Шексіз ақыл ғана шексіз субстанцияны оның барлық түрлері мен қырлары бойынша тануы ықтимал. Бірақ адамның шекті пайымы субстанция мәнін шексіздік ретінде тек екі аспектіде «созылмалылық пайымы» ретінде және «ойлау» ретінде ғана ұғынады. Субстанцияның бұл атрибуттары – оның басқа, саны шексіз және бізге белгісіз атрибуттарының бірі. С-ның субстанция атрибуттары туралы ілімі жалпы алғанда алдыңғы қатарлы ойдың жемісі, дегенмен С. қозғалысты субстанцияның атрибуты деп санамады. С. адам туралы ілімді осы қағидаларға сүйене отырып құрды. С. бойынша адам созылмалылық модусқа денеге ойлау модусы – жаны сәйкес келетін тіршілік иесі. Алғашқы да, кейінгі де модустар бойынша, адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жан модусы туралы ілімде С. адамның бүкіл күрделі психикалық өмірін тек зердеге және ынтықтыққа, яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға және құмарлыққа әкеп шектеді. Ол ерікті зердемен теңестірді. С. бойынша, адамның мінез құлқы негізіне оның өзін-өзі сақтауы және өз пайдасын ойлауы жатады. С. ерік бостандығы туралы ілімді жоққа шығарды, еріктің әрқашанда белгілі бір себептерге тәуелді екенін мойындады, сонымен бірге ол қажеттілікті тануға негізделген құлық ретіндегі бостандықтың болуы мүмкін деп есептеді. Бірақ С. ілімі бойынша, бостандықта халық бұқарасы емес, тек ақыл иесі болуы мүмкін. Бостандықты осылай түсіну абстрактылы және тарихқа қарама-қарcы. С. таным туралы ілімінде рационализм бағытын жалғастырды. Ол интеллектуалді ақыл-ойға негізделген білімді төменгі түрі
– сезім арқылы танудан жоғары қойып, тәжірибенің рөлін төмендетті. Ол интелектуалды білімнің ең жоғарғы түрі деп шындықты тікелей ұғынуды, яғни ақыл интуициясын есептеді. Осыған орай ол Декартқа ілесе айқындық пен дәлдікті ақиқаттық критерийі деп жариялады. Діннің негізгі мақсаты
– нәрсе табиғатын тану емес, тек адамдарды өнегелі өмір сүруге шақырды деді. Сондықтан дінде, мемлекетте ой бостандығына қиянат жасамауы тиіс. С. қоғам туралы ілімі бойынша Гоббсті жалғастырушы. Бірақ, оның Гоббстан ерекшелігі ол биліктің жоғарғы түрі монархия емес, демокр. билеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет