Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Шығ.: Флоренский П.А. Собрание сочинений. Статьи по искусству. Т. 1



бет380/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Шығ.: Флоренский П.А. Собрание сочинений. Статьи по искусству. Т. 1.
М., 1985.


ФОЛЬКЛОР (лат. Folk – халық lore – ілім, ғылым) – халық арасында кең таралған, белгілі әрі халықтың өзі туындатқан шығармалар (аңыз- ертегілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, билер, әдет-ғұрыптар, салт- дәстүрлер және т. б.). Ф. ұғымын ғылыми айналымға ағылшын археологы Джон Томс енгізген болатын. Ф. деп халықтық мәдениеттің шығармалар жиынтығын айтады.


ФОРМАЛИЗМ (франц. formalіsme – лат. formalіs – форма, пішінге қатынасты) – шығарманың пішініне артық мән бергенсіп, мазмұнды мансұқ ететін ағым. Ф. «таза форманы ғана құнды көркем элемент» деп қарастырудан


499

көрінеді, яғни көркемдік форманы мазмұннан бөліп алады. Ф. нышаны XІX ғ-да байқалып, XX ғ-да кеңінен тарады. Ф-нің түр көрністеріне: футуризм, кубизм, абстракционизм, сюрреализм, фовизм, ташизм, экспрессионизмді т. б. жатқызуға болады. Бұлардың барлығына ортақ принцип – өнерде адам- гершіліктен, саясаттан тәуелсіз, өмір шындығынан арылған «таза» эсте- тикалық шығармалар жасау. ХХ ғ-дың 20-жылдары Ресейде Ф. бағыты эстетикада, өнертануда кеңінен қылаң бере бастады. Тікелей генетикалық байланысы көрінбесе де орыс формализмі жалпыеуропалық Ф-нің бір бұтағы болатын. Ресейде Ф. формальдық мектеп деген ортақ атпен белгілі. Формальдық мектеп әдебиеттануды дүниежүзілік деңгейге көтерді, сөйтіп прагалық құрылымдық лингвистиканы, тарту – мәскеулік құрылымдық поэтиканы және жалпы еуропалық структурализмді даярлады.Формальдық мектептің рухани бастаушысы Виктор Шкловский болды. Формальдық мектептің тарихы В. Шкловскийдің «Сөздің қайта тірілуі» деген 1914 ж. жарық көрген мақаласынан басталады да, сол автордың 1930 ж. жария- ланған «Бір ғылыми қателікке ескерткіш» деген мақаласымен бітеді. Орыс Ф-і өнер теориясында ОПОЯЗ (поэтикалық тілді зерттеу қоғамы), МПК (Мәскеу лингивистикалық үйірмесі) арқылы, ал іс жүзінде – абстрак- ционизм, футуризм болып көрінеді. ОПОЯЗ мүшелерінің (Е.Д. Поливанов, Л.П. Якубинский, О.М. Брик, Б.М. Эйхенбаум, Ю.Н. Тынянов) ұстанған позициясы бойынша, өнер тарихы көркемдік форманың имманетті дамуы- ның нәтижесі болып табылады да, ал мазмұн көркем туындыға еш қаты- насы жоқ сыртқы категория болып қала береді. Ф. үйреншікті «мазмұн» және «бітім», «форма» дихотомиясын «материал» және «айла-әрекетпен» алмастырды. Өнертануда көркемдік бітім қандай да болмасын материал бітімі ретінде танылды. Мұндай көзқарастар үшін эстетикалық қызметтің мәні адамға, қоғамдық қарым-қатынасқа, этикаға, дінге т. б. құндылықтарға немқұрайлы материалды қарастыруда болып табылады. Сондықтан да бұл бағытты кейде материалдық эстетика бағыты деп те атайтын. Ф-нің өкілдері


«стиль» ұғымын өте көп пайдаланады. Олар жалпы өнердің даму тарихын тікелей «стильдер тарихына» теңестіруді де қояды. Формалистер үшін стиль дегеніміз мазмұннан тысқары жатқан бітім қалыптастырушы принцип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет