1-АПТА
Тақырып: Инновациялық қызметтің әдіснамалық негіздері
СОӨЖ 1. Автор мен дереккөзді көрсете отырып, педагогикалық инноватиканың бастапқы ұғымдарын жазып алу және үйрену
1.Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».
2.Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.
3. Масырова Р.Линчевская Т — «Жаңару» дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару — белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
4. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке — дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке — дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
5. Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз − жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз − тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңа мазмұнды, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.
6. А.И.Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы».
7. Р. Масырова мен Линчевская тұжырымдамасында, «Егер баратын деңгей алдын ала көрсетілген болса, ол қандай инновация» делінген. В.Кваша мен Латинаның пікірлері бойынша «инновация» − бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекеті, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
8. С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
— дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
— қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
— оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
— саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
— ақпараттық бағдарламалап оқыту — оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
— иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
— ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Қолданылған әдебиеттер:
Коростылева Л.А. «Инновационные технологии в обучении школьников» СПб., 2008, 66 стр.
Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н.Шиянов. – 4-е изд. – М.: Школьная Пресса, 2007. – 512стр.
Грибкова В.А. «Новые технологии обучения в средней школе», М., 2007
Безруких М. М., Ефимова С.П. «Технологии обучения» М., 2006, 63стр
Харламов Н. «Педагогика», М., 2003
Орындаған:Абдулова А.А.
Қабылдаған: Cултанбекова Айман Женисовна оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
1
Достарыңызбен бөлісу: |