Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет400/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401
Байланысты:
treatise187525

ЯСПЕРС Карл (1883–1969), неміс ойшылы және психиатры, экзистен- цияшылдар ілімінің белді өкілі. Оның түсінігінше, экзистенциализм – біздің нақты болмысымыз және трансцендетті ұмтылыстарымыз арасындағы, ғылым мен дін арасындағы айырмашылық. Білімнің таным ісіндегі жеңі- лісі, адамзат талпынысындағы бақыт ұғымының жеңілісі – нақты жоруы жұмбақ құдайы белгілер. Я. бұрынғы ақыл күшіне сүйенген ойшылдар зерттемеген азап, айқас, күнә, өлім ұғымдарын зерделейді. Адамаралық қатынастарды ол махаббатты қастандық деп атайды. Белгілер ілімі мен діни сезімінде Я. философиясы шарықтау шегіне жетеді. Я. әсіресе «Тарихтың мағынасы мен мәні» деген 1949 жылы шыққан тарихтану еңбегі құнды. Адам мен тарих адамзат болмысының негізқалаушы өлшемі. Бұл тұрғыда Я. басты ұғымы ситуация: тарихтың белгілі сәтіндегі қайталанбас оқиғалар легі тарихтың сол дәуірдің өзгешелігін құрайды. Тарихты ғылым арқылы болжаудың мүмкін еместігін дәлелдей отыра, Я. әлемдік процесстің нақты болмысын негіздіген төрт кезеңді атап өтеді. Я-ше, бірінші екі кезеңде адамзатта тіл, еңбек құралдары мен от тұтату қабілеті пайда болған. Осы жаңалықтардың нәтижесінде Үндістан, Мысыр, Бабыл мен Қытайда б. з. д. үшінші-бесінші мыңжылдықтарда биік мәдениет өркендейді.Үшінші кезең
– кіндікті уақыты, немесе, пайғамбарлар дәуірі (б. з. д. VІІІ–ІІ ғғ.). Адамзат


524

525

өзін өзі ұғып, өзінің мүмкіндіктерімен қатар, жауапкершілігін сезініп, жергілікті тарихтан әлемдік тарихи кірігуге көшеді. Төртінші кезеңде (XVІІ–XX ғғ.) Еуропада ғылыми-техникалық цивилизация қалыптасады. Егер Я. саяси-этикалық ізденістеріне келсек, 1946 жылы ол неміс ұлтының тарихи күнәсін мойындаған «Күнә туралы мәселе» еңбегін шығарады, 1958 ж. шыққан «Атом бомбасы мен адамзат болашағы» жұмысы соғыстан кейінгі салқынқабақтықтың мәдени-психикалық маңызын зерделейді, 1967 жылы шыққан «Германия қайда барады?» кітабы ГФР өміріндегі авторитарлық қаупіне тоқталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет