ШЛЕЙЕРМАХЕРФридрих Эрнст Даниэль (1768–1834) – нем.про- тестант теологы әрі философ, көп ж-дар бойы уағызшылық қызметпен айналысты, Берлин ун-тінің проф-ы болды. Ш. көзқарастарында Спиноза- ның, Канттың, Фихтенің, Шеллингтің, Якобидің және т. б. идеялары ұштасып жатады. Оның философиясында романтикалық, ағартушылыққа қарсы тенденциялар басым болды (Романтикалық мектеп). Ол дінді, адам- гершілікті субъектінің ішік көңіл күйінен шығарады. Ш. көзқарасынша шексіз-шетсіз болмыс негізін. дүн. жүз. бірлік немесе құдай құрайды, онда барлық қайшылықтар ымыраласып, тікелей білімге ұласуы мүмкін. Ш. Спинозаның «Ескі өсиетті» сынауын жалғастырып, оны «Жаңа өсиетке» таратты. Оның идеялары христиан дінінің барлық көздерін одан әрі мінеуге дем берді (жас гегелшілдер). Алайда осы сынның бәрі діни дүниетаным шеңберінде шыға алмады. Ш-дің діни-филос. көзқарастары 19 ғ-дағы протестанизм идеологиясына елеулі ықпал жасады: оның дінді уағыздау әрекеті қазіргі протестанизм өкілдерінің тарапынан сынға алын- ды (Диалектикалық теология). Философ немесе жазушы өмірінің рухани бірлігін айқындау әрекеті (Ол Платон мәселесі дейтіннің – Платонның авторлығы, оның шығармаларының тұпнұсқалылығы мен реттілігі, оның мәтінін қайта құру арқылы анықтау туралы мәселенің бастаушысы болды) Ш-ді герменевтикамен жақындастырды.
514
ШОҚАЙ Мұстафа – аса көрнекті қазақтың саяси қайраткері. М. Ш. Ақмешіт (Қызылорда) қаласында 1890 ж. дүниеге келген. Мұстафа
– Түркістандағы атақты әулетке жататын Торғай Датқаның немересі. Бастауыш білімді ол ана тілінде алып, сосын Ташкент гимназиясын бірін- ші дәрежелі атақпен бітіріп, Петербургтің императорлық университетінің хұқық факультетіне оқуға түседі. Қайда оқыса да байсалды, алғыр қабілет танытқан, зеректік көрсеткен. Өте жас кезінен саясатқа араласады. Оқып жүргенде тек ғылыми мәселелермен айналыспай, ұлттық күрес жағдайын, отанының болашақ құрылысын терең методологиялық тұрғыдан зерттеп, практикада жүзеге асыруға тырысқан. Қазақ рухының кеңістігінде М. Ш-дың орны бір төбе. Мұстафа тек қазақ емес бүкіл түркі қауымының ұлы перзенті, түркі халықтарының тарихында ерекше орын алатын тарихи тұлға. «Біз – түркмендер, өзбектер, қазақтар, қырғыздар, башқұрттар, татарлар – бәріміз бір түркі жанұясының мүшелеріміз. Біртұтас мемлекет құруға, бір түркі ұлт болуға тырысу керек... Түркістан бұл түркілер. Түркістанның түркизмі оның түріктік болмысы төрізді табиғи нәрсе. Бұл жөнінде айқаймен мәлімдеудің ешбір қажеті жоқ, өйткені Түркістан өзінің болмысынан ажырай алмайды. Сондай-ақ өзінің шыққан тегін және өзінің руластарын мойындау сияқты оңбағандықты да қабылдай алмайды», – дейтін. М. Ш. Орта Азия халықтарының ортақ түркілік тегі мен түбі туралы айтқанда, одан ол жүз бұтақты, тоқсан торапты шежірелі із іздемейді. Тек қана елі мен жеріне апат пен опат әкелетін Елдің елдігін сақтайтын – тарих. Тарихсыз болашақ жоқ. М. отаршылдықтан құтқарар рухани тірек пен сүйеніш іздейді. Ш-дың негізгі мақсаты – түркі халықтарының құлдық сезімінен тезірек айығып, оянуына, өмір мұратына жетуі болып табылады. Оған бұл қасиетті істе – қайрат қажыр, жігер, қуат берген – осы Тарих. Оның
«түркішіл» болғанының мәні осында. Өзіміз қазіргі түркілік тұтастыққа ұмтылып отырған идеялар сонау ХХ ғасырдың басында, ойшыл, сарапшыл ғалым М. Ш. ұсынған болатын. Міне, осы ұлағатты ойлар елімізге келген тәуелсіздіктің арқасында жүзеге аса бастауда. Ол өмірінің соңына дейін (1941 ж. 27 желтоқсанда Берлинде қайтыс болды) ұстанған бағытынан тайған жоқ, Алаш жұртының бірігіп ел болып, тәуелсіз қуатты мемлекет құруына жанын да, тәнін де тігіп адал қызмет етті. М. Шоқай «Ақиқаттан ардақты ештеңе жоқ» дейтін. Сол үшін күресті.