30 билет
1 Атеизм - бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік. Сондай-ақ, илаһи немесе табиғаттан тыс тіршілік иелеріне немесе олардың тіршілік етуіне негізделген ілімдерге қатысты кез-келген сенім мен нанымның ақиқаты жоққа шығарылады.
Философиялық тұрғыдан атеизмнің ізбасарлары Құдайдың бар екеніне күмән келтіру үшін түрлі дәлелдерге жүгінеді. Бір жағынан, олар оның бар екендігінің эмпирикалық дәлелдеріне күмән келтірді. Олар сондай-ақ Құдайдың құдіретті және қайырымды табиғатының қайшылықтарын атап көрсетеді, өйткені осыған сәйкес ол әлемде зұлымдық пен азаптың болуына жол бермеуі керек.
Олар сондай-ақ әртүрлі әлемдік діндерде бір-біріне сәйкес келмейтін және бір-біріне қарама-қайшы келетін Құдайдың аяттарындағы дәлелге негізделген.
Сепаратизм – белгілі бір саяси топтардың өздері өмір сүріп отырған мемлекеттен жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға немесе сол мемлекетке тиесілі территорияны басқа бір мемлекетке қосуға ұмтылушылығы. Жікшілдік халықтың жаппай бұқаралық қозғалысы болмағандықтан оны ұлт-азаттық көтерілістердің қатарына жатқызуға болмайды. Жікшілдік, негізінен, мемлекет ішіндегі саяси тұрақсыздық пен алауыздық (ұлттық кемсітушілік, аз ұлттардың азаматтық құқықтарын шектеу, т.б.) жағдайында пайда болады. Сондай-ақ, өзге мемлекеттердің астыртын саясаты салдарынан да туындайды. Жікшілдік салдары мемлекет ішінде азамат соғысы басталу қаупін туғызады және мемлекеттік төңкеріс пен бөлініске дейін соқтыруы ықтимал.
Суннизм - ислам дініндегі бағыт. Сунна IX ғ. 6 жинақ түрінде Пайғамбардан қалған құқық ережелері, дәстүр, мінез-құлық ережелерінен құрастырылған. Осы ережелерді Суннизм толығымен мойындайды. Суннидтік дінтанушы-философтар арасында аль-Газалиді (1058- 1111) ерекше айту қажет. Суннизм күрделі мәселелерді шешу төңірегінде бірнеше әдістерді ұсынады:
жұмақ - қалам беделділерінің бірін жеке түсіндіру;
иджма - көптеген адамдардың өзара келісілген пікірі;
қияс - салыстыра отырып қорытындыға келу;
истиллах - егер оның мазмұны мойындалған игілікке қайшы келетін болса, онда Суннизм хадистерінің өзгеру мүмкіндігін мойындау.[1]
3 сурак свое мнение
29 билет
1 сурак
Ұлыс — мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.
Түркі-моңғол халықтарында ұлыс бірнеше мағынада айтылады. 6 ғасырда Ұлыс мекен, қала мағынасында қолданылған. Мысалы, көне түркі қолжазбаларында “халықтан халыққа, ұлыстан ұлысқа, елден елге жүрдім” деген сөз бар. 13 ғасырда Шыңғыс хан әрбір ұлына иелік бөліп бергенде, олар ұлыстар деп аталды. 16 — 19 ғасырларда Сібірді мекендеген буряттар мен қалмақтарда рулық бірлестіктегі әкімшілік “Ұлыс” аталған. Бұл халықтардың көшпелі тіршілігінде ұлыстар арасында жер бөлісі болған. Әрбір Ұлыс орда саналып, оны ноян биледі. Ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді. Бұларды старшындар басқарды. Ал бірнеше ұлыстың нояны тайшыға бағынды. Бұл халықтар отырықшы тіршілікке көшкенде де ұлыстың әкімшілік сақталды. Орталык Азия халықтарында ұлыс негізінен аймақ мағынасында қолданылды. Мысалы, ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы. “Ұлыстың ұлы күні” дегенде ұлыс “аймақтың, елдің” деген мағына берген, яғни сол елге тиесілі ең қасиетті мейрамды білдіреді
Жасақ, Яса — Шыңғыс хан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы. Шамамен Шыңғыс хан ұлы хан тағына отырғаннан кейін (1206) құрастырылған. Жасақ заңы ежелгі түркі қағандары мен 10 — 12 ғасырларда өмір сүрген түркі ұлыстарының әскер құру тәртібі, ел билеу жүйесі және тұрмыс-салт заңдары негізінде пайда болды және Шыңғыс ханның мұрагерлері оны бұлжытпай орындап отырды. Жасақтың 33 заң тармағы мен Шыңғыс хан айтты деген қосымша сөздер сақталған. Жасақ ережелерінде, негізінен, әскерді ұйымдастыру мен басқару, жауынгерлер мен әскербасылар (нояндар) және хандар арасындағы қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ, әкімшілік-құқықтық ережелер баяндалған. Шыңғыс хан империясы ыдырағаннан кейін құрылған түркі мемлекеттерінде, соның ішінде Қазақ хандығында Жасақ заңы сақталып қалды. 16 — 18 ғасырларда осы заңның негізінде Қазақ хандығында жаңа заңдар жасалынды; Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы. Жеті Жарғы.