Атеизм бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік


Жүз: қазақтың құрамындағы қосымша этникалық этноаумақтық бірлестік. Патрономия



бет7/22
Дата02.06.2022
өлшемі234,14 Kb.
#145774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
госы

Жүз: қазақтың құрамындағы қосымша этникалық этноаумақтық бірлестік.
Патрономия: ер адам жағынан ортақ ата бабадан таралатын және генеалогиялық жағынан туыстық пен бірлескен ру, ру тайпалық бөлімше.
Ру тайпалық болимдер?

2 сурак
ІХ–ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі діни және зайырлы бағытта жүргізілді. ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мұсылман мектептері мен медреселерде білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде, негізінен, ер балалар оқыды. ХІХ–ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі діни және зайырлы бағытта жүргізілді. ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мұсылман мектептері мен медреселерде білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде, негізінен, ер балалар оқыды. ІХ ғасырда ауылшаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.


24 билет


1 сурак
Ориенталистер- ХІХ–ХХ ғасырлардың бас кезінде Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдері, шығыстанушылар (ориенталистер), саяси жер аударылып келгендер, сондай-ақ қазақ қоғамының білімді тұлғалары айналысты. Бұл салада шетелдіктер – ағылшындар, немістер, француздар да елеулі із қалдырды. Шығыстанушылар – шығыс елдерін зерттеуші ориенталист ғалымдар.
Орыс географиялық қоғамы – 1845 жылы Санкт-Петербургқаласында құрылған географиялық қоғам.
Экспедиция – жұмыс бабындағы бірнеше адамның белгілі бір мақсатпен бір жаққа шыққан сапары.


ХІХ ғасырдың орта кезіне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын мекенге айнала бастады. Декабристер, петрашевшілдер үйірмесінің мүшелері, Польшадағы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқандар жер аударылып келді. Қазақстанға жер аударылып келген Польшаның революционер-демократы Адольф Янушкевич ХІХ ғасырдың 40-жылдарында Орталық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты. Сол сапары кезінде күнделік жазды. Кейін ол күнделік поляк тілінде жарық көрді. А. Янушкевич өзінің күнделігінде қазақ даласы тұрғындарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін суреттейді. Ол өзінің бір хатында қазақ халқы туралы: «Құдіреті күшті құдай осыншама қабілетті етіп жаратқан бұл халықтың адамзат өркениетінен тыс қалып қоюы мүмкін емес… жергілікті көшпелі номадтардың күткен күні ертең-ақ туады, сөйтіп, олар өздеріне қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты да құрметті орнын ойып тұрып алатын болады», – деп жылы лебіз білдіреді.
2 сурак
Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық отбасы тәрбиесінен бастау алады. Бұл қасиеттер адам баласының бойында сарқылатын болса, ол қоғамның рухани тоқырауына әкеледі. Отан отбасынан басталатындығын дана халқымыз терең ұғынып, әрқашан жадында ұстап келген. Бұл атам заманнан халқымыздың сүйегіне сіңген қадір-қасиеттерінің бірі болып табылады.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамайды. Жасы кіші үлкендерді немесе бөтен танымайтын кісіге «Сіз» деп құрметтеп «аға», «ағатай», «ата», «апа», «көке», «жеңге» деп атаған. Кіші үлкенді сыйласа, үлкен өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлауы – халқымыздың қанына сіңген абзал әдет.
Жас келіндер ер-азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп құрметтеген. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарық, айнам, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын, өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.
Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан. Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның жақын туыс-бауыры болмаса, үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақтар үйге кірер алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын.
Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын.
Дала тұрғындарында бір-біріне қуанышты хабарды «Сүйінші!» деп жеткізу әдет-ғұрпы болған. Қуанышты хабарды жеткізген адамға жылы сөздерін айтып, сыйлық жасаған. «Сүйінші» деп сәби дүниеге келгенде, ұл бала әскерден аман-есен оралғанда, тағы да басқа елеулі қуанышты хабарды айтады.
«Батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы», – дейді қазақ. Сауға деп жауға шапқан батырдың жорық олжасынан алынатын затты айтады. Мысалы, қазақ-жоңғар соғыстарында алыс әскери жорықтардан олжалы келген батырлар туған-туыстарына сауға ретінде мал, әшекей бұйымдарын т.б. беретін болған. Олжалы келе жатқан аңшыдан сыралғы сұраған. Аңшылар сыралғы сөзін жерге тастамайды, қалаған нәрсесін берген.
Осы әдет-ғұрыптардың бәрі Қазақстан халқының тұтастығын сақтауға мүмкіндік беріп, жылы қарым-қатынас орнатты, қоғамдағы моральдық-психологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартты.


3 сурак
Ия
: 11 де оттик кой. Оздери онай жумыс жасап, казактарга киын жумыс берип, акшасын толемеуи
Казактардын санын курт азайып, елдеги барлык жумыс келген адамдарга кеткенин
И ещё бала туу саны азайып, олим пайызы котерилди
: Биздин казактарды фронтка апарганы


23 билет
1 сурак


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет