БЕЙІМДЕЛУ, адаптация (лат. Adaptatio – бейімделу) – 1) биологияда тірі организмнің сыртқы орта жағдайында тіршілік етуге икемделуі, олардың эволюциялық даму барысында қалыптасқан биологиялық қасиеті.
Эволюциялық даму ілімі бойынша тарихи даму барысында тіршілік орта- сының қолайсыз жағдайларының ықпалынан организмнің әлсіз клеткалары жойылып, белсенділері өніп-өсіп, табиғи сұрыпталу нәтижесінде олар- да төзімділік қасиеттері пайда болады. Б. – белгілі бір биологиялық түрдің сыртқы ортаның нақтылы жағдайында тіршілік ету тәсілін қамтамасыз ететін морфофизиологиялық, популяциялық және басқа ерекшеліктер жиынтығы. Мысалы, жазық далада тіршілік ететін сүтқоректілер жүгіруге, ормандағылар өрмелеуге, су жануарлары жүзуге бейімделеді. Жан-жануар- лардың қоректену тәсілінің, реңі мен пішінінің әр түрлі болуы, кейбір мүшелерінің атқаратын қызметінің өзгеруі, т. б. олардың орта жағдайын- да Б-дің натижесі. Б. – жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы Б. – қор- шаған ортада тіршілік етуге икемделу, мысалы, құрлықта тіршілік ететін жануарларда аяқтың, ұшатын құстарда қанаттың пайда болуы; Дара Б. – белгілі бір тіршілік жағдайына икемделу, мыс., тұяқты сүтқоректілердің тұяғының әр түрлі пішіндері. Биологияның басты мәселесінің бірі – Б-дің тарихи дамуының механизмі. XVIII ғ-да Б. организмге болмысынан тән құбылыс деп танылған. Б. тірліктің тарихи дамуының негізгі 3 факторының
– өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыптау нәтижесінде қалыптасып дамиды. Бірақ қазіргі кезде табиғи сұрыптау теориясы күрделі Б-дің көптеген құпияларын түсіндіруде қиындықтарға кездесуде, мыс., құстар мен жәндіктердің қанатының пайда болуы. Адам организмі мен жануарлар үшін Б-дің маңызы зор. Қоршаған ортада ауа райының, темпе- ратураның өзгеруі, оттегінің жетіспеуі, әртүрлі жұқпалы вирустардың әсеріне қарамай, Б-дің нәтижесінде организмнің ішкі ортасы тұрақты дең- гейде болады, яғни организмнің дене қысымы, қанның морфолог. құрамы мен физ-хим. қасиеттері, қышқылдық үйлесімі және т. б. көрсеткіштері қалыпты мөлшерден ауытқымайды; 2) социологияда – жеке адамның не әлеуметтік жіктің қоғамдағы жаңа рухани, экон. және мәдени құндылық- тар мен нормаларға икемделуі. Ол қоғамда пайда болған жаңа принциптер- ге сай материалдық және рухани игіліктерді игеруге деген ынтаға тікелей байланысты. Б. адамның не қоғам мүшелері көпшіліктің мақсат-мүддесі қоғамдағы қарым-қатынастың жаңа принциптері мен толық үйлесімділік тапқанда жүзеге асады. Әлеуметтік өзгеріс көпшілік әлеумет тарапынан қолдануды қажет етеді. Оныз әлеу. икемделу баяу жүреді. Мұндай баяу икемделу аккомодаттану деп аталады. Аккомодаттану Б. процесіне ұласпа- са, ондай жағдай қоғамдағы бейберекеттікке, бүлікке алып келуі мүмкін.