Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006



бет124/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.


ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЭПИСТЕМОЛОГИЯ (грек. genesis – шығу тегі және epistemologia – таным теориясы) – биогенетикалық концепцияның нұсқасы. Негізгі мәселесі – білімнің құрылымы мен дамуының алғашарт- тары болып табылатын психологиялық механизмдерді зерттеу. Бұл жерде онтогенетикалық дамуды экспериментальды зерттеу барысында алынған деректерді қазіргі заманғы логика мен математиканың жалпы теория- ларымен біріктіру талпынысы жасалған. Білім дамуының тарихи және


166

сондай-ақ онтогенетикалық процесі эгоцентризм мен феноменализм қал- пынан басталады. Бұл қалып танушы субъектінің өз позициясын түсіне алмауымен сипатталады. Бұдан әрі бұл даму объектінің мәніне тереңдеу арқылы да және өзіндік танымдық белсенділікті рефлексиялау арқылы да жүзеге асады. Зерттеудің осы стратегиясын Ж. Пиаже «жылдамдық»,


«ұзақтылық» сияқты физикалық ұғымдардың қалыптасуын генетикалық талдау барысында қолданады. Бұл стратегия аталған ұғымдарды кеңістік- тік реттілік қатынасынан шығаруға мүмкіндік берді.


ГЕНОН Рене (1886–1951) – француз ойшылы, философия бакалавры. 1912 жылы ислам дініне кірген. Интегралды дәстүр ілімінің авторы. Басты жұмыстары: Индуистік ілімдерді зерттеуге жалпы кіріспе (1921) Теософия, немесе бір жалған діннің тарихы (1921), Спириттердің қатесі (1923), Шығыс пен Батыс, Қазіргі әлемдердің дағдарысы, Әлем падишасы, Рухани және уақытша үкімет, Крест символикасы (1931), Болмыс ахуалының көп- нұсқалылығы (1932), Шығыс метафизикасы (1939), Көп болу патшалығы және уақыт жорамалы (1945) және т. б. Г. ілімінше, гуманизмге және тех- никалық прогреске қарсы Ақиқат бір түптен шығып, кейін, даму емес, құл- дырау үстінде болған. Сондықтан ең игі мақсат патшалығынан безіп, бұ- рынғы ақиқатты тірлікке жету ләзім. Міне, осы мақсатта бұрынғы дәстүрлі танымдарды зерттеп, оларды интегралды (тұтас) дәстүрге айналдыру керек. Бұрынғы тірлік руханилығы мол сана патшалығы болған. Кейін сол тірлік бұзылып, сана орнын сан басып, әлем көп болу патшалығына ауысқан.
«Абыл мен Қабыл» деген шығармасында Г. көп болу әлемінің қарама-қайшы күштері ретінде көшпенділер мен отырықшыларды атайды. Г-ша, бұл екі таным бір біріне тәуелсіз, бірақ көшпенділер бұрынғы бірлікке, біртұтас Ақиқатқа жақындау. Отырықшылдар, керісінше, бұл идеяға қарсы шығып, әлемде шашыраңқылықты және көп болу нұсқаларын көбейткен. Осының нәтижесінде руханилық қылсын, қазір жоқ болудың қасында. Кезінде Қабыл Абылға қалай зұлымдылық жасаса, отырықшылар да көшпенділер- ді солай жоқ қылады. Міне, осы тұрғыдан Г. дәстүрлі қоғамға бірігуді көксейді. Іс жүзінде тарих қайталанбайды, мұндай қоғамға бірігу мүмкін емес. Сондықтан қазіргі метафизика күйреген заманда Г. идеялары, қанша білімге толы болса да, кертартпалық сипатта көрінеді. Мысалы, шайтанның мұнарасы ретінде ол Кеңес одағы мен Америка Құрама Штаттарын атаған. Әлемнің азып-тозуы иудейлік және масондық ұйымдардың тірлік етуінен деген. Бұл саяси қақтығыстарға әкелетін тұжырым. Сонымен қатар, Г. әлемдік рухани элита қалыптастыру керек деген идеясы құптауға тұрарлық. Г-ша, тек эзотерикалық деңгейде дәстүрдің қосындылары рухани тәжіри- беге айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет