БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОРЫНДАҒАН: Каженова С.Л
КІРІСПЕ
МАЗМҰНЫ
1. ОҚУШЫНЫҢ
ЖЕКЕ
ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІН
ДАМЫТУДА
ҰЛТТЫҚ
ОЙЫННЫҢ
МАҢЫЗЫ
1.1 Ұлттық ойындардың бүгінгі уақытта зерттеу барысы мен даму тарихы
1.2 Ұлттық ойынның білім беру мен тәлім тәрбие жүйесіндегі ролі
1.3 Ұлттық ойындарды тәлім тәрбие ісіндегі тиімді қолданудың тәрбиелік негіздері
2.ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІН
ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАР
АРҚЫЛЫ
ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ
2.1 Ұлттық ойындар арқылы балаға тәрбие берудегі негізгі ықпал – отбасы тәлімі
2.2 Халық педагогикасының негізгі бір саласы – ұлттық ойындар бала бойында
ұлттық құндылық негізін қалыптастырушы фактор
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін ұлттық ойындар
арқылы даму жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
…Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы – тәрбие. Демек, қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып келгендегі дәлелдеуді қажет етпейді.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқатала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек» деп атап көрсеткен.
Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. “Адамзат ұрпағымен мың жасайды” – дегендей, ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтық мәселе болған. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Бүкіл әлемдік өркениетте ерекше орын алатын ғұлама әл-Фараби бабамыздан бастап, орта ғасыр ойшылдары: Баласағұн, Қашқари, Иассауи трактаттары, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінің даналары бір халықтың ғана емес, адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары Шоқан, Ыбырайлармен қатар XX ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлерменбарша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық мұралары қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі
…Мыңдаған жылдар бойы тырнақтап жиналған халықтың осынау рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астаса келіп, оқу-тәрбие қызметіне негіз болды.
Дана халқымыз “ақыл – жастан, асыл - тастан” нақылымен дәлелдеп кеткен. Баланың қиялын шыңдап, үлкен адам боп шығуына ұстазы мен ата-анасының рөлі үлкен екенін нақтылай түседі.
Қабілеттің туа даритын және жүре игерген табиғаты болатынын психолог ғалымдар дәлелдеп келеді. Балалардың жеке басының қасиеттерін тәрбиелеу – олардың қабілеттері дамуының шешуші шарты: еңбексүйгіштік, табандылық тәрізді қасиеттерді тәрбиелеу – олардың қабілет көздерін ашудың ең өнімді жолы – еңбек ерік пен мінезді тәрбиелеудің тамаша құралы.
Қазақтың халық педагогикасын тіл-әдебиеттік қасиеттеріне қарай: жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер, ойын-өлеңдер, шешендік сөздер, ертегілер, аңыз әңгімелер, тұрмыс-салт жырлары, батырлық жырлар, ал әдеп пен тұрмыс-салттық қасиеттеріне қарай: кісілік, әдептілік, намыс пен абырой, имандылық, салауаттылық, бауырмашылдық, қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік қарым-қатынастар, ұлттық ойындар мен рәсімдер, салттар, әдет-ғұрыптар деп топтауға болады.
Ең әуелі ұлттық тәрбиенің мән-мағынасын, мазмұнын жан-жақты жақсы біліп, тәлім-тәрбиеге оны пайдаланудың тәсілдерін жауапкершілікпен үйренген дұрыс. Халық педагогикасының танымдық, тәрбиелік мәні зор салаларын бастауыш мектеп мұғалімдері тәрбие ісіне жан-жақты пайдалануға ықылас аударуда.
Ұрпақ гүлденсе, ел жаңарады. Көргенді ұрпақтан, көреген дана халық тарайды. Міне, сондықтан да ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы зор міндет.
Бүгінгі талапқа сай халықтың әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді, ұлттық қадір-қасиетті қайта жаңғырту үшін оқу мазмұнына ұлттық педагогикалық енгізу басты мақсаттың бірі ретінде ұсынылып отыр. Оқу мазмұны ғылым негіздері мен жеке тұлға қызметтері құрылымының бейнесі ретінде қарастырылып, оларға сәйкес келетін білім компоненттері анықталады.
… Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында қолданады. Ұлттық ойындардың бір ерекшелігі – оларды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады. Ол үшін ұлттық ойындарды тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуын талап етеміз.
1.Тәрбиеші ұлт ойындарының неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
2. Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі.
3.Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап білу (белгілі бір ойынмен балалардың бойында қандай қасиеттерді тәрбиелеуді көздейді).
4. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау. Көптеген жағдайда өз қолымен әзірлеу немесе басқа құралдармен алмастыру.
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз өз қолымен әзірлеу немесе басқа құралдармен алмастыру.
7. Ойын алаңы балалардың өміріне қауіп тудырмауы тиіс. Ойынға ашық алаң немесе арнайы жабдықталған ойындар пайдаланылады.
Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажет қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз.
Заманымыздың талантты педагогы В.А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»- деп санайды. Сол сияқты заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарының бірі М.О. Әуезов ұлттық ойындарға зор көңіл бөле отырып, мынадай пікір айтқан: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінігімше, көңіл көтеру, жұрттың өзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған»
Ертеректе ауыл сыртына құрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады. Оны орнату үшін, атауына сай, алты бақан (сырық), бір керме және үш арқан керек. Бақандардың басын үш-үштен буып, аралығы 7-8 қадамдай жерге қадап орнатады. Олардың жоғарғы жағындағы ашаларға бақандардың басын біріктіріп тұратын келесі бір керме енгізіп, мықтап байлайды. Кермеге ұзынырақ бір, қысқалау екі арқанды бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқты тіреуге, қысқасы отыруға ыңғайланған. Жазғы күнгі, айлы түнде қыз бен жігіт арқанға аяқтарын тіреп, бір-біріне қарама-қарсы түрып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, басқалардың демеуімен тербетілген. Ойын көпшілікке арналған. Қыздар мен бозбалалар жұптасып, алма-кезек ауысып отырған. Тербелушілер ән бастағанда, тамашалаушылар да қосылып, думандатқан.
Алтыбақан бірін-бірі ұнатқан жастардың көңілдерін білдіруге себеп болған. Соңғы кездері үш арқанның орнына, үзындығы бірдей екі арқан жөне жеңіл тақтай қолданылып жүр.
Ақсүйек
Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден қураған мал сүйегі не қабығы аршылған, ұстауға ыңғайлы ақ таяқша пайдаланылады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арнайы сызылған шеңбер бойына орналасады. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол сүйекті алысқа лақтырады. Қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң олар ақ сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан адам «Ақсүйек! Ақсүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақсүйекті лақтырып үлгеруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті. Осылай ақсүйекті бір-біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге жеткізген топ қажетті ұпайды алады да лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі.
Екінші түрі: Ойын кезінде екі топтың ойыншылары бір-бір киімін не болмаса заттарын (қамшы, орамал, белдік, аяқ киім, т.б.) бір орынға жинайды. Осы жер "сал" (қазына) деп аталады. Әрбір ұтыс сайын жеңілген топ өз «қазынасының» біреуін беріп отырады. Ойын бір топтың «салы» таусылғанша созылады. Соңында ұтылғандар ән шырқап, би билеп немесе әзіл айту арқылы өз заттарын қайтарып алады.
Ақсүйек
Бестас ( шекемтас)
Бестас - көбіне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады.
1-"бірлік". Ойыншы бес тасты жерге шашады. Таңдап алынған қақпа тасты бір қолымен аспанға лақтырады да жердегі біреуін көтеріп қайта тосып алады. Қалғандарын да осылай бір-бірлеп көтереді.
2-"екілік". Бұл жолы екі тастан көтереді.
3-"үштік". Үш тасты бірге бір рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді.
4-"төрттік". Төрт тасты бірге көтеру керек.
5-"алақан". Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды.
6-"төртбұрыш". Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш жасап қойып, оларды тез жинап алады.
7-"арттан тастау". Бірліктегідей бір тасты жерден көтеріп алады. Қақпа тасты лақтырып екіншісін көтергенше алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды. Осылай бәрін тастап болғаннан кейін оларды түгел бірге көтеру керек.
Бестас ( шекемтас)
Арқан тарту
Арқан тарту — халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойындардың бірі. Ойын көбіне мерекелерде, той-ларда өткізіледі. Соңғы кездерде бастауыш сыныптардың дене шынықтыру сабақтарында, баланы сергіту сәттерінде де ойналып жүр. Көп күш жүмсалатындықтан арқан тар-туға көбіне ер адамдар қатысады. Ойын өтетін жер тегіс болуы шарт. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Сызықтан тепе-тең қашықтықта екі межені белгілейді. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Арқан тартудың екі түрі бар.
Біріншісі, ер адамдардың жекпе-жегі. Күштерін сынау үшін екі жігіт ортаға шығады. Олар бір-біріне қарама-қарсы жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің белгі беруімен әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Екеуінің қайсысы белгілі межеге бұрын тартып жеткізсе, сол ұтады.
Екіншісі, топ болып ойнау. Оған қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін түйіледі. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіп, жүлде алады. Ойында жеңіске жету үшін қара күшпен қатар әр топтың қозғалысындағы бірыңғайлық, ұйымшылдық қажет.
Арқан тарту
Тоғыз құмалақ.
Тоғыз құмалақ — адамның ойлау, талдау қабілетін дамытатын, есепке құрылған ойын. Ерте кезде малшылар отауларды жерге ойып, қойдың кепкен құмалағын теріп алып ойнаған. Отаулардың 1-таңдық, 2-көшпелі, 3-атөтпес, 4-атсұратар, 5-бел, 6-белбасар, 7-қандықақпан, 8-көкмойын, 9-маңдай деген атаулары болған. Бұл ойынды қай отаудан бастайтынын білдірген. Қазіргі кезде арнайы жасалған ойын тақтасының бірнеше үлгілері (дөңгелек, сопақша, т.б.) кездеседі. Тақтада әр ойыншының бір қазаны, 81 құмалақ (қойдың кепкен құмалағына ұқсас тастар) салынған тоғыз отауы болады. Сандармен белгіленген әрбір отауға тоғыз құмалақтан салынады. Ойын оңнан солға қарай жүргізіледі. Бірінші жүрген ойыншы таңдаған отауындағы («маңдайдан» басқа) қүмалақтарды бір-бірлеп кейінгі отауларға салып шығады. Соңғы, құмалағы жұпталған отаудағы құмалақтарды алып өзінің қазанына салады. Отаудағы құмалақ саны жұп болса «жабық отау», тақ болса «ашық отау» деп аталады. Ойын барысында қарсыласының құмалақтар санын тақ жасап, өз отауларындағыны жұптауы керек. Жұптаған отаудағы құмалақтарды ойыншылар өз қазанына салады. Тұздық алу — екі құмалағы бар қарсыласының отауына (тоғызыншы отаудан басқа) біреуін салу, яғни осыдан бастап осы отауға түскен қүмалақтардың бәрін өзінің қазанына алу. «Тұздық» бірақ рет алынады.
Бірінші болып қазанына 82 құмалақты жинаған, не қарсыласын «атсырату» (құмалағы таусылған) жағдайына алып келген ойыншы жеңіске жетеді.