Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2005



бет134/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2005.


ГУМБОЛЬД Вильгельм (1767–1835) – неміс филологы, философ, өнер теоретигі, немістің классикалық гуманизмінің көрнекті өкілі. Тарихтың мақсатын ол көркем туындыға ұқсас, белгілі бір үйлесімді тұтастық болып табылатын, адамдық даралықты қалыптастыратын және руханилық мұраттарды жүзеге асырудан көрді. Тұлғалар мен ұлттардың ерікті ішкі дамуы Г. бойынша, өзіне рухани шығарм. тұлғалардың әрекетін қосып алды. Мемлекет әрекеті, дейді Г. шектелген және ол сыртқы шекаралар мен ішкі құқық қорғау қызметтерімен анықталады («Мемлекет әрекетінің шекаралары», 1792). Бірнеше теориялық еңбектерінде («Ежелгіні, әсіресе гректікін зерттеу туралы», 1793, «Эстетикалық тәжірибелер») грек өнерінің маңыздылығын атап өтті. Г. шығарм.-ның биігіне оның тілтану еңбектері жатады. Тіл тек дайын қарым-қатынас құралы емес, ол өз бойына «халық рухын» жинақтаған. Г. мәдениетті «тарихта әрекет етіп отырған халықтар- дың рухын» білдіретін органикалық тұтастық деп есептеді. Г. дербес пән ретіндегі тіл философиясының негізін қалады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.


ГУМИЛЕВ Лев Николаевич (1912–1992) – тарихшы, географ, түркі халықтары мәдениетін терең зерттеушілердің бірі, көрнекті мәдениеттану-
179

шы. Ақындар Н. Гумилев пен А. Ахматованың ұлы, 1930–50 ж. қуғынға ұшыраған. Еуразиялық тарихқа қатысты еңбектерінде ол мәдениетті таби- ғи орта, этнос және мутациялық ғарыштық әсерлердің өзара қатынасынан туатын нәтиже деп алады. Бұл өзара байланыс «пассионарлық» деп атала- тын адамдардың қайталанбалы күш серпінділігін және шығармашылығын тудырды. Г. бойынша, этностар өз бастауларын ғарыштан алады. Жаңа ха- лықтардың пайда болуы (этногенез) – табиғи құбылыс және пассионарлық өрлеу кезеңдерінде этностар адам қолы мен рухани дамудың жемісі бо- лып табылатын ерекше мәдени типті өмірге әкелді, әрбір пассионарийлер, дейді Г., өздерін белгілі бір мақсаттарға жаңқиярлықпен бағыттайды, әрбір мәдениет тек өзіне тән діл мен іс-әрекет, қылық түрлерін қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге бұрынғы мәдениеттермен тектік, дәстүрлі байланыста болады. 1200–1500 жылдар аралығында этнос өзінің мәдени дәстүрін дамытады, кейін пайда болған жаңа пассинарийлер бөлек мәдени дәстүрді қалыптастырады. Этностардың ауысуы не басқалардың арасында сіңіп кету, не мүлгіген реликтіге айналып кету, не әлеуметтік қақтығыстар түрінде болуы мүмкін. Көптеген зерттеулерінде Г. еуразияшылдық идея- сына үндес пікірлерді қолдаған. Ол Н.С. Трубецкойдың жалпыадамдық мәдениет жоқ деген қағидасын қолдайды. Г. бойынша, тек күрделі органи- калық мәдени этникалық жүйе тарихта табысты әрекет ете алады. Осындай жүйе еуразиялық – Ресей мәдениетінен көрініс табады. Г. түркі-славяндық мәдениеттің ортақ белгілеріне көп назар аударады. Ол еуразиялық Ұлы даланы бірнеше мәдени ареалдарға бөліп, номадалық мәдениеттің тарихи орнын әділ анықтап беруге ұмтылады. Г. Орталық Азияны әлемдік мәде- ниеттің басты ошақтарының бірі деп қабылдайды. Г-тің философия мәселе- лерін көтерген негізгі еңбектері: «Ежелгі түркілер» (1967), «Этногенез және Жер биосферасы» (1979), «Ежелгі Русь және Ұлы дала» (1989), «Русьтен Ресейге дейін» (1992) т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет