Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет204/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ЗЕРЕКТІК – адамның тапқырлығы, ненің де болса алдын алған, айтарлықтай нәтижеге жеткізетін көрегендігі, өзінің жанындағы заттар мен болып жатқан құбылыстарды танып білуіндегі сезімталдығы, ақыл- ойының ұшқырлығы, ойлау әрекеттерінің оралымдылығын білдіретін даралық қасиеті. З. адамның психикалық әрекетіндегі түйсіну, қабылдау, сезіну, ойлау, талдау мен біріктіру, нақтылау мен абстракциялау, салыстыру мен пайымдау сияқты амал-тәсілдерімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, ол жеке адамның жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, темпераментіне, мінез-құлқы мен қабілетті деңгейіне де қатысты. Қазақ ұғымында З-тік, зерек (алғыр) оқушы, зерек (алғыр) адам ұғымында, адамның жеке басы қасиеттеріне байланысты қолданылады.


ЗЕРТТЕУ – жаңа ғылыми білімнің пайда болу үдерісі, таным қызметі- нің түрі. З. объективтілігімен, дәлелділігімен, дәлдігімен сипатталады. Оның өзара байланысты екі деңгейі ажыратылады: эмпириялық және тео- риялық. Бірінші деңгейде ғылымның жаңа фактілері анықталады және оны қорытындылау негізінде эмпириялық заңдылықтар құрастырылады. Екінші деңгейде бұрын ашылған фактілер мен эмпириялық заңдылықтарды түсіндіруге, сонымен қатар, болашақ оқиғалар мен фактілерді алдын ала болжауға, көре білуге мүмкіндік беретін, тек осы пәндік сала үшін құрастырылған жалпы заңдылықтар алға шығады. З.-дің негізгі құрамдас бөліктері болатындар: алға міндет қою; бар мәліметтерді талдау; бастапқы
гипотезаны қалыптастыру; гипотезаны теориялық талдау; экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру; экспериментті өткізу; алынған нәтижені қорытындылау және талдау; алынған фактілер нәтижесінде бастапқы гипотезаны тексеру; жаңа фактілер мен заңдарды құрастыру т. б. З. әр түрлі негіздерге сүйеніп топтастырылады. Оның ең кең таралғаны іргелі және қолданбалы, сандық және сапалық, бірегей және кешенді және т. б. болып келеді.


ЗЕРІГУ – сірескен ауыр сезім, рухтың тұнжыраған жай-күйі, әрекет- сіздік, қажу жағдайлары. Жалғыздықта немесе бос, қияли сағынышпен өмір сүру, келеңсіздіктен шаршау, өз жайы туралы уайым қайғы шегу, өзгерісті тілеу. Кімді немесе нені де болса сағынып қайғыру, шаршау негізінде пайда болатын адамның психологиялық жай-күйі.


ЗИЯЛЫЛЫҚ (ағыл. сөзі intellectualism – интеллигенттік) – кәсіби түрде ой еңбегімен, шығармашылықпен, мәдениетті дамыту, таратумен (ғылым, өнермен шұғылданатындар, заңгерлер, инженерлер, дәрігерлер, журналистер және т. б.) айналысатын адамдар тобы. «Зиялы» терминін ХІХ ғасырда жазушы Н. Бобрыкин айналысқа енгізіп, ол басқа тілдерге де ауысқан. Адамның жоғарғы мәдениетін, ақыл-парасаты мен адамгер- шілігінің жиынтығын біріктіретін З. тұлғаның ұлттық және жалпыадам- заттық құндылықтарды тарихи тұрғыдан түсініп, бағалай білуі, әлемдік және ұлттық мәдениет туындыларын талғампаздықпен белсенді игеруі, ізгілік және әділеттілік сезімдерінің молдығы, басқа жанға, жалпы адамзат баласына сүйіспеншілігі, өзге ой-пікірге төзімділігі және т. б. қасиеттерінен аңғарылады. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының бір тобы қазақ қоғамының саяси мәдениетінің қалыптасуына негіз қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет