Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет214/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ИЛЬЕНКОВ Эвальд Васильевич (18.02.1924. Ресей, Смоленск – 21.03.1979, Мәскеу) – орыс ғалымы, философия ғыл. докт. (1960). Ұлы Отан соғысына қатысқан (1943–1945). Мәскеу мемл. ун-тiн бiтiрген (1950). 1950 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн КСРО FА-ның Философия инс-тында кiшi, аға ғыл. қызметкер болып жұмыс iстедi. И. диалектиканың, диалект. логиканың түбегейлi мәселелерiн философия тарихымен, немiс классик, философиясының жетiстiктерiмен байланыстыра зерттеп, адам ойының табиғаты, ойлау заңдылықтары, идеалдылық т. б. проблемаларды зерделедi. Fалым ғыл. ойлау теориясының логикалық-диалект. теориясын талдау жасауға елеулi үлес қосты, ғыл. таным дамуының ойлаудағы қарама-қай- шылық ұстыны, танымдағы абстрактiлiк пен нақтылықтың арақатынасы, логикалық пен тарихилық диалектикасы т. б. мәселелердi терең талдады. Ол этиканың, эстетиканың, психологияның, мәдениет теориясының жеке адами тұлғаны қалыптастыру мен оны жан-жақты дамытуға байланысты мәселелерiн диалект. философия тұрғысынан зерттеп, оларды жүйелi түрде шешудiң теориялық тұжырымдамасын жасады. И. Қазақстан философ- тарымен тығыз байланыста болып, олардың зерттеулерiне жоғары баға берiп, қолдап отырды, қазақстандық бiлiктi мамандар даярлауға ат салысты. Алматыда «Диалектикалық логиканың өзектi мәселелерi» тақырыбы бойынша өткiзiлген алғашқы бүкiлодақтық симпозиумға қатысып, баянда- ма жасады (1968). И. идеяларына АҚШ, Канада, Финляндия т. б. елдердiң


282

бiрқатар философтары назар аударып, ықылас қойды. Оның еңбектерi Германия, Италия, Ұлыбритания, Грекия, Жапонияда т. б. елдерде жарық көрдi.


Шығ.: Диалектика абстрактного и конкретного в «Капитале» Маркса. – М., 1960; Об идолах и идеалах. – М., 1968; Диалектическая логика. – М., 1974 (2-ое изд, 1984); Что же такое личность? М., 1979 (2-ое изд. 1984); Философия и культура. – М., 1991.


ИМАНДЫЛЫҚ – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс- әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадыр- қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Мұсылмандық дүниетаным бойынша иман иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни, имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті
– иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.): «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жібе- рілдім», – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қанша- лықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан
«Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар), – деп уағыздалды. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі – Құран», – деп жауап берген. Құранда:
«Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар», – делінген (Бақара, 2/277). Бұл аяттағы ізгі істер діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет