Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Ахмад ибн Ханбал – Муснад. Веһби Уылдыз – Илһам қайнаклары



бет215/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Ахмад ибн Ханбал – Муснад. Веһби Уылдыз – Илһам қайнаклары.
1977; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; М. Иса (ҚҰЭ – 4 том, 246 бет).


ИММАНЕНТТІК ЖӘНЕ ТРАНСЦЕНДЕНТТІК. И. (лат. immanens
– ненің болса да ішіндегі, оған тән, ненің де өзіне тән) – қандай болса да бір заттың, құбылыстың, үдерістің мазмұнына тән болатын қандай да бір қасиет, заңдылық. И. термині Аристотель философиясынан бастауын алады, орта ғасыр схоластикасында қолданылды, философиялық ой тари- хында пайдаланылады. Мысалы, Спиноза пантеизміндегі Құдай табиғат- пен имманентті. Философия сыртқы әлемнің барлық денелері мен құбы- лыстарына және таным үдерісіне іштей имманенттер, демек қарама- қарсылықтар, қайшылықтар тән екенін көрсетеді.


283


Т. – орта ғасырдағы схоластика философиясының эмпирикалық таным, яғни, біздің сезімдік тәжірибемізден тыс жатқанды белгілеу үшін енгізген ұғымы. Т. болмыстың сыртқы себебі біз өмір сүретін әлем шекарасы сыр- тына шығатын ретінде имманенттікке қарама-қарсы қойылады. Жалпыға ортақ бастау себебі біз өмір сүретін әлем негізі – Т. деп есептеледі. Діни сенімнің негіздері – (діни рәсімдер мен сананың сезімдік қабыл- данатын объектілерінен басқа) де Т. деп қарастырылады. Т.-ке жақын
«трансцендентальды» ұғымы орта ғасыр философиясында бірегейлік, игілік, мүмкіндік, қажеттілік тәрізді сезімдік тәжірибеден шығаруға бол- майтын болмыстың ақылмен ұғынылатын анықтамасын сипаттады. Орта ғасыр философиясына қарағанда, одан айырмашылығында И. Кант Т. – деп тануға болмайтын ақиқаттықты, ал трансцендентальді деп априорлық, яғни, тәжірибеден тыс таным түрлері (сырттай сезіну мен ойлау) мен білімді түсінеді.


ИММАНЕНТТІК ФИЛОСОФИЯ – В. Шуппе, Р. Шуберт–Зольдерн, М. Кауфман, А. Леклер, И. Рамке, О. Шток және басқалар дамытқан субъективтік идеализмнің эмпириокритицизмге жақын бір түрі. И. ф. өкілдері объективті өмір сүретінін, сыртқы әлемнің санаға қатысын теріске шығарып, объективті әлем сананың ішкі мазмұнын құрайды деген ойды ұстанып, өздерінің философиясын И. ф. деп атайды. И-ті ф-ның негізгі идеялары Шуппенің «Теориялық-танымдық логикасында» (W. Schuppe,
«Erkenntnissthe-oretische Logik», 1878), Шуберт-Зольдерманның «Таным теориясының негіздерінде» (R. Schubert-Soidern, «Grund-lagen einer Erkenntnisstheorie», 1884), Кауфманның «Имманенттік философиясында» (M. Kauffman, «Immanente Philosophie», 1893) дамытылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет