Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет218/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   401
Байланысты:
treatise187525

286


ИНДУКТИВТІК ЛОГИКА – таным процесінің жекеден жалпыға көшу жолдары мен тәсілдерін іздестіретін логика саласы. И. л.-да теориялық білім мен эмпириялық білімнің арақатынасы, ғылым логикасы, бақылау мен тәжірибе т. б. танымның методологиялық проблемаларына байланысты мәселелер зерттеледі. Жеке мен жалпы ұғым жөніндегі мәселе ежелгі антика философиясында қарала бастады. Сократ жалпы ұғымдардың қалыптасуына зер салады. Аристотель ой қорытындысы жөніндегі ілімінде жалпы мен жекенің арақатынасын зерттеп, индукцияның сезімдік қабылдаумен тікелей байланысты екенін анықтады. И. л. силлогистикаға тәуелсіз логиканың жеке саласы ретінде қалыптасып, танымның, зерттеудің методологиясы мен логикасына сай пайда болды. Ф. Бэкон ілімі жаңа заманғы ғылыми танымның қажетіне, эмпириялық зерттеудің методологиясы мен логикасына сай пайда болды. Ф. Бэкон танымның жекеден жалпыға көшуі мен ой қорытындыларын жасаудың қай түрін болса да индукцияға жатқызды. Қалыптасқан дайын абстракцияларды пайдаланатын силлогизм бағытына ол индукцияны қарсы қояды. Ф. Бэконның «Жаңа Органонда» негізделген идеялары ағылшын материалисі Дж. Гершельдің еңбектерінде дамытылды. Ол «Жаратылыстану философиясы» деген еңбегінде ғылыми тұжырымдар жасаудың маңызын ерекше атап көрсетіп, табиғат құбылыстарының себепті байланысын ашу арқылы ғана табиғат заңдары анықталады дейді. Гершель себептіліктің мына түрлерін анықтайды: 1) себеп пен салдар арасындағы байланыстың тұрақтылығы, себептің салдардан бұрын болуының өзгер- мейтіндігі; 2) себепсіз салдар болмайтындығы; 3) себеп қуатының артып- кемуіне сәйкес салдардың артып-кемуі; 4) себеп пен салдар байланысында өзара пропорционал қатынастың сақталуы; 5) себептің жойылуынан сал- дардың жойылуы. Гершель себеп пен салдардың осы ерекшеліктерін еске ала отырып, себептілік байланысын анықтайтын ережелерді қорытты. Дж.С. Мильдің логикалық ілімі И. л-ның дамуындағы Бэкондық бағыттың ең соңғы кезеңі болды. Бэкон – Миль логикасына тән ерекшелік – фактіден теорияға, құбылыстан заңға ой жіберетін танымдық процестердің бәрін бірдей дерлік индуктивтік деп қарау. Индукцияны мұндай асыра кең ұғыну Ф. Энгельс сынаған орынсыз индуктивизмге әкеліп соқты. И. л-ның ертеден дамыған гипотетикалы-дедуктивтік концепциясы бойынша гипотеза ретінде алынған кейбір жалпы қағидалар тәжірибеден алынған фактілер арқылы дәлелденеді. Бұл ретте гипотезаны негіздеу үшін белгілі фактілерді салыстырумен қатар, белгісіз келешекте анықталуы мүмкін фактілерде еске алынады. Теориялық қорытындыларды дедукция және оның тәжірибеде тексерілетін салдарлары арқылы негіздеу тәсілін гипотетикалы-дедуктивтік әдіс деп атайды. Бұл әдістің бастапқы идеялары XVI ғ-дағы итальян философы Цабереллы мен Галилей еңбектерінде кездеседі. Лейбниц еңбектерінде гипотетико-дедуктивтік концепция толық қалыптасады. И.


287

л-ны осы концепцияға сүйеніп бір ізге келтірген У. Уэвелл болды. XX ғ-да матем. логиканың дамуына байланысты И. л.-ның осы заманғы формасы қалыптасты. И. л.-дың қазіргі кездегі ең басты мәселесі – бір ойдың (гипо- тезаның) екінші бір ақиқаттылығы анықталған оймен логикалық байланы- сын ашу тәсілдерін анықтау. Бұл ретпен алынған ой қорытындысы индук- тивтік қорытынды деп аталады. Индуктивтік қорытындыны зерттеу екі бағытта жүргізіледі. 1) Егер дәстүрлі логикада гипотезаға баға берудің тек екі жолы (қабылдау не қабылдамау) ғана болса, ал қазіргі логикада гипотезаға баға берудің анағұрлым кең көп мәнді тәсілі қолданылады. 2) Осы заманғы И. л-да статистикалық заңдылықтарды ашу тәсілдерін анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, дәстүрлі логиканың ұғымдары мен әдістерінің қалыптасуы – Милл әдісі, аналогия арқылы қорытынды жасап, гипотезаның мәні т. б. логикалық мәселелер зерттеледі. Жоғарыда айтылған И. л.-дағы зерттеудің екі бағыты да ықтималдық теориясына сүйенеді, сондықтан, оны ықтималдық логикасы деп те атайды. Осы заманғы И. л. идеяларының негізін қалаған XIX ғ-дағы ағылшын логиктері Дж. Бенна мен Кейнс болды. Қазіргі кезде бұл саланы зерттеуде Рейхенбах, Карнап, К.Гемлель, Кемени, И. Бар-Хилель т. б. елеулі үлес қосты. Соңғы жылдарды И. л.-сын зерттеу саласы кеңейе түсіп, ақпараттық теориямен ұштасып жатқаны анықталды. Гипотезаны эксперимент арқылы тексеруде бұл ақпараттық теория терминдерін қолданудың тиімділігі айқын байқалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет