Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет230/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   401
Байланысты:
treatise187525

КАНТШЫЛДЫҚ (жаңа кантшылдық) – ХІХ ғ. Германияда Кантты қолдаушылардың немесе оны сынаушылардың атымен байланысты қалып- тасқан философиялық ағым. 1860 ж. К. бір жағынан неміс идеализмінің спекулятивті метафизикасына қарсы оппозиция ретінде пайда болса, екінші жағынан – кейбір жеке ғылымдардың басты қағидаларын негіздеуге байланысты қалыптасқан қателіктерге наразылық ретінде пайда болды. Жаңа кантшылдықтың рационалистік түрлері: метафизика (Фолькельт, Гартман, Вундт), құндылық философиясы (Гейдельберг немесе оңтүстік- батыс мектебі, Риккерт, Виндельбанд, Ласк), логистика (Марбург мектебі, Коген, Наторп, Кассирер, Либерт, Штамлер). Жаңа кантшылдықтың эмпири- калық түрлері: позитивизм (Дильтей), сенсуализм (Гельмгольц, Мах, Риль) функционализм (Файхингер) ретінде дамыды. 1850 ж. Францияда жаңа кантшылдықты Ренувье дамытты. Ол адамгершілікті таза парасаттық ұғымдар негізінде сараптап, Канттың бостандық, Құдай және өшпеу сияқ- ты «практикалық тұжырымдарына» сүйенеді. Негізгі еңбегі: «la person nalisme» (1901).


КАПИТАЛ адам тәжірибесінің сақталу, бекітілу, толықтыру, даму түрлері ретінде қоғамдық энергияны жинақтаудың, оны біркелкілендірудің және өзгертудің құралы. К. субъектіден жаттандырылған іс-әрекет түрінде өмір сүргендіктен, бір жағынан, адами қасиеттер мен оның күштері арқасында, олардың іс-әрекетінің құралдары ретінде, ол қоғамдық құбылыс ретінде көрінсе; екінші жағынан, қоғамдық өмірді қайта қалыптастырушы заттар жүйесі ретінде көрінеді. К. – экономикалық категория ретінде қалып- тасқанға дейін «байлық», «ақша», «мүлік», «игілік», «дәулет» ұғымдарын анықтады.
К. Маркс өзінің зерттеулерінде К.-ді адам іс-әрекетінің динамикасы, үдерісі, тірі еңбектің қозғалысы және жиынтық тәжірибенің жүзеге асу түрі ретінде қарастырады. К. мен еңбектің классикалық арақатынасы адам тәжірибесін үлгі түрінде және К. оларды тұтынушы, пайдаланушы ретінде көрсетеді.
Соңғы кездерде, К-дың экономикалық түрлері экономикалық емес К. түрлерімен тығыз байланыста. К.-дың экономикалық емес түрлері: мәдени К. (мәдени құндылықтар, әлеуметтік бағалау, ақпараттар адам табиғатының игілігіне айналып, адам оны өз пайдасына еркін жұмсай алуы); зияткерлік К. (зияткерлік меншік – кітаптардың, телебағдарламалардың, ашылған жаңалықтардың және т. б. авторлары. Бұл меншік-пайданың қайнар көзіне айналуда). Бұл К. ақпараттық қоғамның тікелей туындысы; саяси К. – саяси іс-әрекет субъектінің еңбегін, саяси әрекетті қоғамның қолдауын, саяси субъектінің жұрт таныған өзіндік платформасының болуын, қоғамдық ұйымдар арасында байланыстың болуын қоғамның мойындауы).


КАРЛЕЙЛЬ Томас (1795–1881) – ағылшын философы, тарихшысы. Ол француз материализмінің және шотландиялық утилитаризмнің қас жауы болды. Оның көптеген шығармаларының өзекті мәселесінің бірі – ұлы тұлғалардың тарихты жасауы. Тарих мәселелерін қарастыра келе, ол данышпан, ұлы тұлғалар «орташа көпшіліктен» жоғары тұрып тарихты жасайды деген тұжырымға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет