Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет240/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   401
Байланысты:
treatise187525

КИРЕНДІК МЕКТЕП (Кирен қаласының атымен), кейде оларды гедонистер деп те атайды. К.М. негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д. 435–355) көзқарасының қалыптасуына Сократтың да, софистердің де ілімдері үлкен әсер еткен. Танымның қайнар көзі – түйсік. Бірақ түйсік арқылы табиғаттың заңдылықтарын, оның қасиеттерін танып біле алмаймыз. Біз тек өзімізге тән субъективті қабілеттеріміздің нәтижесін ғана тани аламыз. Тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік, рақымшылдық. Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан «қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек» – деп тұжырымдайды Аристипп. Ләззатқа жетудің бірден-бір жолы
– өз еркіңмен қол жетпейтін, не қасірет әкелетін құмарлықтан бас тарту. Аристипп мемлекетті, оның заңдарын рахатқа бөлену, бақытқа жетудің құралы деп қарастырған.


КИРЕЕВСКИЙ Иван Васильевич (1806–1856) – орыстың діни фило- софы, әдебиет сыншысы, публицист. К. – славянофилдік философияның өкілі. Оның пікірінше, Еуропа Ағартушылығының тоқырауы олардың діни бастаудан кетіп, рухани біртұтастықты жойып алуында жатыр деп есеп- теді. Жалпы батыс ойшылдарының еңбектеріне талдау жасай отырып, К. Гегельді рационалист ретінде қарастырып, оны Аристотельдің ілімін жалғастырушы деп санады. Гегельдің ілімі батыс ойының ең биік шыңы. Осыған қарамастан К. оған таза ортодоксалды сенім мен сезімге негізделген орыс дүниетанымын қарсы қою керек деп түсінді. К. түсіні- гінше, өзіндік ерекшелігі бар орыс философиясының міндеті – батыс ойшылдарының алдыңғы қатарлы идеяларын өздеріне сіңіре отырып, шығыс патристикалық ілімі негізінде ілгері даму. К-дің еңбектері 1861 ж. 2 томдық кітап болып шықты.


КЛАССИКА (лат. classіkus – көрнекті, үлгілі) – көрнекті, үлгілі, жұрт- шылық таныған көркемөнер және әдебиет шығармалары, әлемдік және ұлттық мәдениетте мәңгілік құндылық ретінде бағаланатын дүниелер.


Клещёва (Хафизова) Райса Ахметовна

1932 жылы 9 шілдеде партия қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Мектепті алтын медальмен бітіргеннен кейін ол М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетіне оқуға түседі. 1955 жылы оқуды бітіргеннен кейін ол Қарағанды педагогикалық институтына жұмысқа жіберілді. Педагогикалық институттың оқытушысы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, ҚарМУ оқу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 1974-1992 жылдары – философия кафедрасының меңгерушісі. 1992 жылдан 2004 жылға дейін – ҚарМУ философия кафедрасының профессоры.


1963 жылы КСРО Ғылым академиясының Философия институтында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін 1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде философия ғылымдарын докторы болды. Оның жетекшілігімен 9 кандидаттық диссертация, бірқатар магистрлік және студенттік диссертациялар қорғалды. Ол өзі бастаған топтан 4 адамның философия докторы атануына көп үлес қосты.
Ол 300-ге жарияланымның, оның ішінде бірқатар монографиялардың авторы. Шетелде де, Мәскеуде, Ленинградта, Свердловскіде, Иркутскіде және бұрынғы Кеңес Одағының басқа қалаларында өткен ғылыми форумдарда бірнеше рет сөз сойледі. Ол Свердловск қаласындағы философиялық ғылымдар бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға арналған диссертациялық кеңестердің мүшесі болды. 2004 жылдан бастап бірнеше жыл бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың философия кафедрасының профессоры қызметін атқарды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет