Әдебиет: Кьеркегор. Болезнь к смерти. – М., 1993; Философия. Энци- клопедический словарь. – М., 2004. – 418 с.; Әлемдік философиялық мұра.
– Алматы: Жазушы, 2006. Т. 13.
ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІ – ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алатын Қ (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.т.), кейін қазақ хандығы уақытында қалыптасқан, түркі-
соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестік. Қ. ө. үш үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.
331
Бұл ұғымның қалыптасуына «Дала өркениеті» деген түсініктің маңызы зор болды. Аталған ұғыммен қатар Қ. ө. кеңістігі «Орта Азия», «Орталық Азия»,
«Тұран», «Түркістан» сияқты терминдермен де бірегейлендіріледі. Қ. ө.-нің төмендегідей белгілерін атап өткен жөн: а) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне ру-тайпалық одақ жатады; ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар
«түрік» этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан, бұл қағида Орталық Азияны автохтонды түркі тайпалары мекендігінің бір дәлелі болып табылады; б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үдеріс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған; в) ортағасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этникалық элементтерді өзіне сіңіре бастады; г) XV ғасырда түркілік Орталық Азияда «қазақ» деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты. Қазақтың және оның ата- тектерінің әлемдік өркениеттілік дүниесіне қосқан басты құндылықтарына жататындары: Еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихы- ндағы бірінші жетістікке жетті (К. Ясперс атап өткен жылқыны пайда- лану); Номадалар адамдандырылған қоршаған ортаны кеңейтті, шөл мен шөлейіттерді үйлесімді игере алды. Еуразиялық көшпелілер тарих ката- лизаторлары (А. Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық үдеріс- тер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран; Ғұн мемлекеті, Араб халифаты, т.т.). Ұлы жібек жолы және басқа да мәдени коммуникациялық жүйелер арқылы ілкі түркілер мен түркілер Батыс пен Шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды. Қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты арте- фактыларын алғашқылардың бірі болып енгізді. Түркілердің әмбебапты дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келі- сімділіктің маңызды формасы болды. «Адам бол!» ұстанымы, әлемді Жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарыш және басқа адамдармен үйлесімділікте болу, жасы келгендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақ дәстүрлі әдебінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады.
Зерттеушілер Қ. ө-і тарихын хронологиялық және рухани-ділдік негіздерде қарастыра отырып, төмендегідей хронотоптарды атап өтеді:
1) сақ кезеңі; 2) кейін қазақ құрамына енген тайпалардың мемлекеттік бірлестіктері (үйсін, қаңлы, ғұн); 3) ежелгі түркілік кезең; 4) қарақандар мемлекеттілігі; 5) қимақ-қыпшақ кезеңі; 6) моңғол кезеңі; 7) моңғол империясы ыдырау кезеңі; 8) қазақ хандығы қалыптасуы кезеңі; 9) жоңғар басқыншылығымен күресу кезеңі; 10) Ресейдің отарлау кезеңі, 11) кеңестік кезең, 12) ұлттық интеллигенция мен мемлекеттің қалыптасу кезеңі. Ал Қ. ө-нің рухани мәдени типтеріне жататындары: мифология, Ренессанс,
332
Жер ұйық, Зар заман, ағартушылық, ұлттық ояну, тоталитаризм мен маргиналдану, төлтума мәдениетті жаңғырту.
Тәуелсіздікке қолы жеткен Қ. ө. алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр. Қазақстан үшін бүгінгі ғаламдану дәуіріне аяқ басар тұста жаһандану желеуімен кіріп жатқан, мәдени төмендеуге ұшырататын көптеген діндік, ділдік ықпалдар шырмауында қалып қою қауіпі бар. Бүгінгі таңда қазақ мәдениеті өркениет аясындағы ұлт дәстүріне негізделген жолмен немесе бұқаралық мәдениет үрдісімен жүру жолын таңдауы қажет. Қазіргі қазақстандық мәдениетте екі субмәдениет (қазақтілді және орыстілді) бар екендігі белгілі. Бұл типтік айырмашылықты дұрыс қолдану Қ.ө.-нің мүмкіндіктерін арттырады. Өйткені орыстілді субмәдениет Батыс пен Ресей жетістіктерін тиімді қабылдауға икемді болса, төлтума мәдени тип құндылықтар сабақтастығының кепілі болып табылады. XXІ ғасырда болашағынан үміт күттіретін өркениет пен оның теориясы партикулярлық ұстанымдарға сүйенбеуі қажет. Тек ашық, сұхбатқа икемді, басқалармен үйлесімді этноөркениет қана заман талаптарына сай бола алады. XІX ғасырда Батыс үстемдік етсе, XX ғасыр капитализм мен социализмнің текетіресі түрінде болды, ал XXІ ғасырда ахуал өзгерейін деп тұр. Әлем сахнасына С.Хантингтон жіктеген басқа да суперөркениеттер шығуы мүмкін.
Тоталитарлық мәдениеттен кейінгі Қ.ө.-де ұлттық ренессанс идеясы басқа да ТМД елдеріндегідей өзінің күрделілігімен көзге түседі. Көптеген архаистік мәдени бағдарлар (магия, хиромантия, гороскоптар, жалған діндарлық) көрініс тапты, қоғамда жаңа идеялардың аздығынан Ресейден, АҚШ-тан, Еуропадан, Қытайдан, мұсылман елдерінен алынған «дайын үлгілер» көбейіп кетті. Мәдениеттегі кейбір қайраткерлер бүкіл мәдениетке музейдегі экспонат сияқты қарады, мәдени тұлғаларға инвентаризациялар жасау олардың басты қызметіне айналды. Мерейтойлар, ежелгі оқиғалар, батырлар, хандар т. т. – басты мәдени тақырыптарға айнала бастады. Тек өнеркәсіп өнімдері ғана емес, сонымен бірге мәдени идеялар да «импорттан» алынды. Қазақ мәдениетінің қазіргі күрделі болмысы мен оны ары қарай дамыту жобаларына қатысты терең ойлар Елбасының және басқа да саяси қайраткерлердің еңбектерінде айтылған. Олар тек саяси мүдделіктен туындамаған, халық тағдырына қатысты шынайы қам жеуден түйінделген. Өркениеттік үдерістердің үрдістері мен мәнісін ашу қашан да ауқымды мәселе болып табылады. Бұл сипатта өзгермелі қоғамдағы жаңашыл мәдени феномендер өз талдауын күтіп отыр. Айталық, ғаламдану үрдісіндегі дарашылдық бастаулар; дәстүр, жаңашылдық және маргиналдық; мәдени инфрақұрылымдардың үйлесімдігі мен тиімділігі, нарық және мәдениет, виртуалды шындықтағы мәдени өзгерістер, мәтін және оны түсіндіру, симулакрум мәселесі т. т. XX ғасыр мен XXІ ғасыр арасында БҰҰ адамзат
333
үшін жаңа өркениеттілік құндылықтарын ұсынды. Олардың арасында елдерді адамдық даму индексі бойынша салыстыру, орнықты даму ілімі, мәдени диалог пен төзімділік, бейбітшілік мәдениетінің маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Ғасырлардың талай қыр-сырларынан өткен Қ. ө-н ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі жағып жіберіп, сол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар қиял-ғажайып құс – Феникспен теңеуге болады. Әлемдік өркениеттің ең ертедегісінің бірі Шумерден бастау алатын, сақтар, кейін ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін қалдырған, орта ғасырларда мәдениеттің тамаша үлгілерін адамзат қорына қосқан Кіндік Азия – әлемдік өркениеттілік қайнарларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |