Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет251/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   401
Байланысты:
treatise187525

КІШІПЕЙІЛДІЛІК – адамның моральдық тұрғыдан жетілген, кемел- денген образын көрсететін, оң рухани мәдениет деңгейін бейнелейтін этикалық категория. «К. – кісінің көркі», «К-тен кемімессің» – дейтін қазақ мақал-мәтелдері К. сияқты моральдық сапа адамның адамгершілік мінезін құрайтын басты атрибут ретінде қарастырады. К. қазақтың этноморальдық жүйесіндегі, адам мен адам қарым-қатынасындағы базистік қағида. К. адамзатына тән қарым-қатынас мықтылығын, адам мінезіне қатысты моральдық құндылықтардың тұрақтылығын және ақыл иегерінің ішкі рухани реттеуші күштерінің салмақтылығын көрсететін ұғым. Қазақтың
«Ұлық болсаң кішік бол», «Сол дәулеттің тұсында, аспадым да, саспадым» (Есет би) – дегендер к-тің моральдық сапа болатындығын дәлелдей түседі. Хадис бойынша, К. көрсетілген құрмет болып табылады.


КЪЕРКЕГОР Серен (1813–1855) – философ, жазушы. К. шіркеуге, ресми діни идеологияға қарсы шықты. Ол жеке тұлғаға тән дін қалып- тастыруды, яғни адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасына жол ашатын мүмкіншілікті іздеді. Объективті өмірді тану емес, адамның өзін- өзі шынайы тануы «субъективті танымның» басты мақсаты деді. Өмірде осы мақсаттағы кредосымен көрінген адам К. ұғымы бойынша нағыз тұлға. К. танымы бойынша, Дүние «өлім сепкен ауру хал» үстінде. Оның пікірінше, бақытсыз – бақыттымын деп, бақытты – бақытсызбын деп, ақиқат – өтірік, өтірік – ақиқат және т. б. ретінде бұл өмірде көрініс тапқан. К. адам өз мақсатына жету үшін үш сатыдан өту керек деп тұжырымдайды: эстетикалық, яғни ешқашан ақиқатқа айналмайтын, «қиялдағы өмір», бір сәтті сезіну мүмкіншілігіне ие кезең; этикалық, яғни адамның шынайы ақиқат өмірі, сол өнерге деген өзінің жауапкершілігін сезіну, бұл кезең ұзақ толғаныс, іштей саралау, өзіндік «Менді» іздеу кезеңі; діни, яғни мәңгілік құндылықтарды таңдау. К-дің ғыл.-философиялық көзқарастары «Не анау – не мынау» (1843), «Үрей және қалтырау» (1843), «Философиялық түйірлер» (1844), «Үрей ұғымы туралы» (1844), т. б. еңбектерінде көрініс тапқан. К. еңбектері көптеген тілдерге аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет