Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет247/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   401
Байланысты:
treatise187525

324


КОСМОПОЛИТИЗМ (грек. kosmopolіtes – әлем азаматы) – мәдениет- танудың әлемдік азаматтық идеологиясын білдіретін ұғым-термин. Анти- калық дәуірде қалыптасқан. ХІХ ғ. ерекше таралымға ие болды. К. ұғымы- ның негізінде әлемдік мемлекет қалыптастыру немесе мемлекеттердің әлемдік федерациясын құру идеясы жатыр. К. идеологиясына сондай-ақ жалпыадамзаттың мәдениетті қалыптастыру және дамыту және әлемдік жаһандық мәселелерді шешу жатады.


КӨҢІЛ айналадағы қоршаған ортаға, жаһанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысатын, олармен өзара үйлесім табуы нәтиже- сінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп, қорытатын адам жанының сыр- лы әлемін білдіретін философиялық категория. К. жеке адамның аксиоло- гиялық тұрғыдағы табиғатымен тікелей байланыста бола тұра, адамның құндылықтық пайымдарын қайталай парықтап пайдаланады. К. – адамның жаны мен тәні арасындағы тұрақты қарама-қайшылықты мәмілеге келуін және қайшылыққа түсуін белгілейтін ұғым. Адамның көңілі тоймай, жалған- ды бүтіндей қамтығысы келіп, дүниенің толық иегеріндей күй кешеді. Қиянат қылмаған көңіл – адам өміріндегі аса маңызды моральдық сапа. Хадис бойынша, дүниенің бекзаттығы көңілдің байлығында, ақыреттің бекзаттығы тақуалықта болып табылады. К. абстрактілі ұғым, сондықтан да К-дің сан- алуан күйін және тұрпатын айқындай түсетін ұғымдар бейнелі ойлаумен ұштас меңзеу тіркестермен беріледі. К-дің әсершілдік және танымдық мүмкіндігі шексіз. Ғалам ғажайыбынан, сазды әуезден, сөз өнерінің құдіре- тінен эстетикалық ләззат алып, олардың «көңілге түрлі ой салар» қуатымен ғибраттанып, хақтықтың шапағатын иеленетін де осы К. Мысалы, «Адам ата мен Хауа ана» қиссасында Алла тағала адам денесін жаратқан төрт затының бірі судан адамның төрт қасиетінің бірі – К-дің жаратылғаны айтылады.


КӨШПЕЛІЛІК – шаруашылық-мәдени тип, қуаң даланы игеру тәсілі. Көшпелілік өркениеттілігі б.з.д. мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық малшылықты жетілдіру негізінде қалыптасты. Тарихшылар ежелгі, классикалық және кейінгі К-ді атап өтеді. Еуразиялық Ұлы даланың ежелгі К-не сақтар, үйсіндер, қаңлы- лар, ғұндар т. б. жатса, түркі-моңғолдық классикалық К-лер уақытында бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізеді. Ғылыми әдебиетте К. өмір салтының мынандай белгілері айқындалған: 1) мал бағу шаруашылықтың басым түрі; 2) жыл бойы малды табиғи ұстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік тәсілі; 3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп-қону; 4) қазіргі капиталистік ранчолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы.
Қазақ мәдениетінің негізгі архетипі К-гі тағы бір маңызды мәселе он- дағы әлеуметтік құрылымға, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктеріне қаты-


325

насты. Мұндағы алдымен көзге түсетін нәрсе – қауымдық тұтастық. Егер еуропалық нарықтық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар ең құнды болып есептелінеді. «Ата қоныс» ұғымы К-лер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әр жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзендер, көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жатқан молалардан т. б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әфсаналарда, жырлар мен көсемсөздер- де болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.


К. мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мыса- лы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланыл- ған. Жауын-шашыны молырақ арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өнірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шы- ғыс және орталық аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптасқан дәс- түр бойынша маусымдық жайылымдардың рулар арасында бөліске түскені- мен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қазақта көшіп-қонудың тарихта белгілі «Көлденең бағыттағы», «Тіке бағыттағы» және «Тұрақтың үш түрінің бәрі болған. Олар ең алдымен жыл- жымалы шаруашылықтағы малдың құрамымен, көшпелі қауым өмір сүрген табиғи-климаттық жағдайларға байланысты болған»,– дейді Ө. Жәнібеков. Қатал даланың табиғатын түсіну, оның ішкі заңдылықтарын терең білу, болжамдық – бұлардың бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақ- тарына жатады. «Құрғақ даланы, – дейді А. Тойнби, – тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзі- нің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді қалыптастырады» (Постижение истории. –
М., 1991. – С. 195).
Малшылық егіншіліктен гөрі күрделілеу, өйткені дихан табиғат өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуи- циялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Әрине, көшпелілік мәде- ниетті бүкіл адамзат үшін ең жоғарғы үлгі деп көтермелеудің қажеті жоқ. Номадалық (ежелгі гректер көшпелілерді nomades – номады деп атаған) өмір салты қалалық мәдениетінің қалыптасуына, оған байланысты жазу- сызудың, оқу орталықтарынның, қолөнердің, техниканың дамуына жағдай


326

туғызбады. «Мен кіммін», «Неге өмір сүремін, қалай өмір сүремін, ажалды қалай қарсы алу керек?» тәрізді сұрақтар қауымдық қоғам мүшелерін тым көп ойландырмайды. Бәрі алдын ала шешіліп қойылған, аталардың белгілеп кеткен жолынан таймаса болды. Салт-дәстүр уақытқа бағынбады, ол мәңгілікпен теңесті. Бұрын жасалғаннан айырылу өліммен бірдей. Ал егер табиғи апаттар, әлеуметтік қақтығыстар, жаугершілік келсе, онда көп жағдайда көшпелілер өзгерген ортаға бейімделе алмады. Ескі құндылықтар жүйесі жоғалып кетіп, қауымдық адамдар жаңа игіліктерді өздеріне пір тұта алмады. Талай атағы жер жарған көшпелілер империялары тарих жолынан шығып қалып жүрді. Бұл жерде ғұндар мен моңғолдардың, түріктер мен арабтардың тарихи тағдырын еске алсақ жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет