Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет245/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   401
Байланысты:
treatise187525

КОНДИЛЬЯК Этьен де Бонно (1715–1780) – француз философы, қазіргі сенсуализмнің негізін қалаушылардың бірі. Қоршаған орта туралы деректер түйсік, қабылдау арқылы алынады да ақыл-ой, жігер арқылы өзгеріске түсіп, жаңа білімге айналады. Ол психикалық процестерді де – еске түсіруден бастап ойлауды қоса – жігердің, сезімдік қабылдаудың өзгеруінің нәтижесі деп білді. Бұл ретте адамның көңіл күйі және т. б. субъективті қасиеттері үлкен рөл атқарады.
Негізгі еңбегі: «Traite’oles sensations».


322


КОНДИЦИОНАЛИЗМ (лат. – жағдай) – француз физиологы, фило- софы Фервори (1863–1921) өзінің таным теориясын осылай атады. Ф. пікірінше, себеп ұғымы көбінесе адамға байланысты айтылатын болған- дықтан және ғылыми ұғым болмағандықтан, оны басқа ұғыммен – жағдай- лар жиынтығы – ауыстыру қажет. Әлемде тек қана себепке бағынышты бірде-бір құбылыс жоқ. Керісінше, әлемдегі барлық құбылыс жағдайлар жиынтығына байланысты туындайды, өзгереді, дамиды.


КОНСЕРВАТИЗМ (лат. – сақтау) – қоғамдық өмірдің дәстүрлі қағи- даларын, құндылықтарын сақтау арқылы революциялық өзгерістерді жоққа шығаруға бағытталған саяси философия. Бұл саяси бағыт XVIII ғ. Э. Берк- тің, Ж. де Местр т. б. монархизмді жақтаған идеялары негізінде қалыптас- ты. К-ді қоғамдық топтарға, саяси күштерге, жеке адамдарға тән көзқарас деп те қарастыруға болады. Олар дәстүрді қоғамда тұрақтылықты, тәртіпті сақтауды өздерінің басты қағидалары деп есептейді. Осы тұрғыдан олар реформаларға сенімсіздікпен қарайды. К-ң үш түрі бар: дәстүршілдік, либертаризм және неоконсерватизм. Дәстүршілдік – классикалық нарықтық капитализмге тән әлеуметтік жағдайды және дәстүрлі әдептілікті сақтауға ерекше көңіл бөледі. Либертаризм – алғашқы капитализм кезіндегі жеке адамдардың шексіз бостандығын дәріптеп, ұжымдық талап-тілектерді жоққа шығарады. Ф. Хайек адамның шексіз бостандығын қолдай отырып, ұжым- дықты – құлдыққа апаратын жол деп түсіндірді. Р. Позик социалистік ұста- нымдағы барлығына бірдей болу қағидасын сынға алып, жеке меншікті оған қарсы тұра алатын барьер деп санады. Оның түсінігінде, жеке адам- ның құқықтары ұжымдық талап-тілектен жоғары тұруы қажет. Мемлекет экономикаға араласпауы керек. К-нің үшінші түрі – неоконсерватизм соңғы кезде неолиберализммен көп позицияда жақындасып, оның көптеген идея- ларын өздеріне сіңірді: адамның тарихи, әлеуметтік, саяси белсенділігі, саяси және қоғамдық қатынастарды демократизациялау идеясын, билікке, тәртіп пен дәстүрге бұрынғы элитарлық, аристократтық көзқарастардың біразы- нан арылып, коғамдық ұйымдарға әлдеқайда жақындады. Неоконсерватизм либерализмнің «мемлекет экономикаға араласпауы керек» деген идеясын басшылыққа алғанына қарамастан, мемлекеттік капитализмге қарсы болды Ол жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру, кейбір өндіріс орын- дарын корпорацияларға беру сияқты саяси идеяларды қолдамады. Неокон- серватизмнің басты қағидаларының бірі – өндірісті «социалистік» тәсілмен басқарудың тиімсіздігін мойындау. К. идеялар Ұлыбританияда – консерва- тивті партияның бағдарламаларының, Францияда – голлистік саяси бағытта, Еуропаның басқа елдерінде – христиандық-демократиялық партиялардың бағдарламаларында көрініс тапқан. К. АҚШ-тың Республикалық және Демо- кратиялық партияларының ішінде консерватизмді қанат ретінде кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет