Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет265/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   401
Байланысты:
treatise187525

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Білім Қайнелұлы (1945–2007) философия ғы- лымдарының докторы, профессор. Қ. еліміздегі дінтану мамандығының ашылуына себепкер болып, дінтану мамандығының стандартын жасақтау- ға, дінтанушыларға арналған типтік бағдарламалар мен оқу-әдістемелік
құралдар жасауға зор үлес қосты. Қ. діндер тарихы мен теориясы, дін фило- софиясы саласында шығармашылық ізденістер жүргізді. Ол қоғам және адам өміріндегі руханилықтың мәніне, рухани құндылықтар мен қажет- тіліктердің діни философиялық астарын зерделей отырып, дін мен дәстүр, діл мен діннің арақатынасына дінтанулық талдау жасады. Қ-тың жетек- шілігімен бірнеше кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Еңбектері: Социально-философские поиски духовности. – А., 1998.
Информатизация общества: Социально-философский анализ. А., 2004.


ҚҰНДЫЛЫҚ – танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін маңызды деп танылуы. Қ. филос.-социологиялық ұғым. Қ. объек- тінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын айқындайды. Қ-қа ешқандай күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін атқарады. Қ. қоғамдық-саяси, рухани, жағымды түрде көрініс табу мүмкін. Қазіргі кезеңде ұлттық, таптық, топтық Қ-тарға қарағанда, жалпы адамзаттық Қ-тар басымдылығы (өмір сүру құқы, еңбек ету, білім алу, теңдік, еркіндік, меншік, балаларға деген махаббат, үлкендерді сыйлау, жақыныңа жаның ашу, Отан сүйгіштік, кәсіпкерлік, қауіпсіздік, адалдық т. б.) маңызға ие болып отыр. Жалпы алғанда Қ-тар деп адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің бәрін жатқызуға болады. Қ-тар әлемінің өмір сүруінің терең себептері – адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағынасын іздеуінде жатса керек. Өйткені, адам – ерікті ақыл иесі, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды. Адамның өзі, бір жағынан, дене болса, екінші жағынан – рух. Дегенмен де Қ-тар әлемін, негізінен, екіге бөлуге болады. Олар – материалдық және рухани Қ-тар. Қайсыбір ру- хани құбылыс өмірге келу үшін заттанса, яғни, материалдық қабыққа ие болса, онда шынайы өмірде материалдық және рухани Қ-тарды бір-бірінен қалайша айырып алуға болады? Оларды бөлудің негізінде адамдардың сан- алуан қажеттіктері жатса керек. Қажеттік деп адамның өмір сүруіне, оның жан-жақты дамуына керектінің бәрін айтуға болады. Бүгінгі қоғамдағы адамдардың қайсыбірі рухани қажеттіктерін оятып, ең жоғарғы сатыға көтерілді деп айту шындыққа жатпайды. Өкінішке орай, материалдық Қ-тарға құмартқан көпшілік бүгінгі таңда соның шырмауынан шыға алмай жатыр. Егер қайсыбір жануардың қажеттіктері оның инстинктері арқылы берілсе, адамның қажеттіктері оның сана-сезімдерінен өтіп, белгілі бір мүд- делерге айналады. Жануарлар бір нәрсеге мүдделі деп айту ақылға сыймай- ды, ол тек адамға ғана тән нәрсе. Өз мүдделерін іске асыру үшін адам алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қояды. Соңғыны іске асыру жолында адам өз ырқын шыңдап, неше-түрлі қиындықтардан өтуге дайын болуы керек. Орындалған мақсат-мұрат келесі сатыда жаңа Қ-тарға бағыттайды т.с.с.
Алдымен, бүкіл тіршіліктің Қ.-ғын атау керек. Ал оның ең биік шыңы

  • сана сезімі, рухы бар адам. Сондықтан ұлы И. Канттың моральдық императивтерінің бірі – адамды әрқашанда мақсат-мұрат тұт, оған ешқа- шанда құрал ретінде қарама – деген терең ойы еді. Ал бұл талаптан «адам бүкіл тіршіліктің патшасы болуы керек» – деген тұжырым шықпау керек. Керісінше, ол бүкіл тіршіліктің ең жетілген түрі болғаннан кейін, бәрін өзімен бірге көтеріп (коэволюция), гүлдетіп, үндесті (гармония) өмір сүруі қажет.

Әлеуметтік әділеттің талаптарын іске асыруда мемлекеттің ролін асыра бағалау қиын. Гегель айтқандай, «мемлекет – адамгершілік идеясы- ның шынайы болмысы», өйткені, оның негізгі мақсаты – қоғамның біртұ- тастығын қамтамасыз ету, төмендегі әлсіз әлеуметтік топтарға қамқорлық жасау. Тәуелсіз жас мемлекет алғашқы қадамынан бастап өзінің «әлеумет- тік» мәнін шынайы түрде көрсете білді. Экономикадағы сан-қилы қиындық- тарға қарамастан, зейнеркерлер, мүгедектер т. с. с. әлсіз топтарға уақытында жәрдемақылар төленіп, олардың көлемі жыл сайын өсуде. Сонымен қатар, қоғам өмірінде мейрімділік, қайырымдылық рухы әрбір азаматтың ішкі дүниесіне айналуы керек. Бүгінгі таңда неше-түрлі қайырымдылық қорлар әлсіз топтарға көмек беріп, оларға моральдық қолдау жасайды. Іскер топ- тардың өкілдері де бұл игі істерге жыл сайын көбірек үлес қосуда. Талай жылдар бойы қорланып қалған қиын әлеуметтік мәселелердің бәрін шешуге біршама уақыт керек. Әлеуметтік әділеттілік талаптарын мемлекет пен қатар бүкіл қоғам болып жұмыла шешу керек. Жоғарыда көрсетілген Қ-тарды өмірге еңгізудегі құқық нормаларының орны ерекше. Жалпы алғанда, құқық деп біз әлеуметтік нормалар мен қарым қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, сондықтан, олардың талаптары жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше түрлерін айтамыз. Себебі қоғам өмірінде басқа да әлеуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық, эстетикалық т. с. с.
Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 2008; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.
ҚҰТ – түркі-қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында береке орнады, байлықтың басы болды дегенді білдіретін киелі ұғым. Көне түркі заманын- да Қ. сөзі: 1) жан, өмірлік қуат, рух; 2) бақыт, жақсылық; 3) сәттілік, табыс, сыбаға; 4) ұлылық, дәреже; 5) ақиқатқа жету, нұрлану, шаттықа кенелу деген түрлі мағыналарда қолданылған. Қ. ұғымы, а) өсіп-өну құбылыстары мен заңдарына ұқсас; ә) тылсым рухтарға тәуелді негізде; б) көк Тәңірден келетін сыбаға деген наным-сенім ыңғайында қалыптасқан-ды. Тарихқа көз жүгіртсек, түркілерде Қ.-лық пен құтсыздық ұғымының мән-жайы тұрпайы натурализм деңгейінде, жеке адамның этикалық заңдарымен, тіпті елдің әдептілік дәстүрімен ұштастырыла тарқатылады. Қ. мәселесі тағы да адам мен жан-жануарлардың өсіп-өнуі тұрғысынан, байлық-молшылық сипатында сарапталынады. Ислам діні аясында Қ.-тың түп-тамыры Алладан келетін киелі нұр, қуат көзі, күллі береке деген түсініктер қалыптасты. Содан Қ. пайғамбардан халифаларға, халифалардан сопы-пірілерге көшеді деген рухани сабақтастық нышаны орнықты, сопылық дүниетаным етек алды. Осылай пайымдаған Ж. Баласағұни Қ. туралы түсінікті иманмен, ақыл- оймен тығыз байланыста ширатты. Халықтық әдет-ғұрыптарда а) Қ.-ты үлкеннен бата алу, атақонысын әулиедей көріп қастерлеу адамның басына қонатын «Бақыт Құсы» немесе Қыдыр деген рәсіммен бекіді; ә) отбасының, мал-жанның өсіп-өнуі, абырой-беделдің жоғарылауы басқа қонған Қ.-пен байланыстырылды. Содан әулеттің, шаңырақтың берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (аналар, әйелдер) бүкіл тайпаның, халықтың Қ.- на айналған тұлғалар болады деген ырым орнықты. Тіпті ата-бабаларға қонған Қ. оның ұрпақтарына көшетініне, содан аруақты сыйлау, ата-баба өсиетін қатаң ұстану дәстүрі күш алатынына кәміл сенушілік туды. Қ. ұғымына қарама-қарсы түсініктер, ырым-нанымдар – апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет жағымды нәрсенің құлдырауын, кері кетуін білдірді. Қ.-а деген дәмеден қалың жұрттың басынан бағы тайған кезде, жаңа заманды аңсау сарыны да жан-жақты көрініс тапты, жаманнан жирену, үмітке ұмтылу құлшынысы білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет