Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет266/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   401
Байланысты:
treatise187525

Л ЛАКАН Жак (1901–1981) – француз ғалымы. Структуралық психол. талдаудың теоретигі және практигі. Л. «Париждегі фрейдизм мектебінің» негізін қалаушы. Ол өзінің ғылыми концепциясына Фрейдтің психоло-
гиялық аурудың диагностикасын қою мен емдеу барысында сөйлеу кеміс- тігінің ерекше маңызы туралы ойын негізгі қазық етіп алады. Л. өзінің
«психол. талдау барысындағы тіл мен сөйлеудің қызметі» атты бағдар- ламалық мақаласында Фрейдтің (Ол – Мен – Жоғарғы Мен) үштік схема- сына «реалды-қиялдағы-символдық» үндес схеманы ұсынады. Л-ның бай- қауынша бұл үлгіде қиялдағы мен символдықтың байланысы ерекше орын алады. Жалпы Л. өзінің психол. талдауында құрылымдық лингвистика, антропология, риторика, т. б. ғылымдардың жетістіктерін үндестіре пайда- ланады. Л-ның көзқарасы Ф. Де Соссюр, кейде З.Фрейд көзқарасынан алшақ түсіп жатады. Л. теориясы бойынша «форма мазмұнан ажырайды және адамның психикасына, сол арқылы оның тағдырына ықпал етіп абсолюттенеді».
Алайда, Л. психол. талдауында адамның «бейсанасыз» іс-әрекетін әлеуметтік жағдайдан бөліп алып қарастырады. Л. ғылыми ізденістері нәтижесінде психол. талдау Францияда қоғамдық ой-сананың қалыптасуына ықпалды әсері болды.


ЛАО-ЦЗЫ (шамамен б.э.д. VI–V ғ. өмір сүрген) – қытай философы, даосизмнің негізін қалаушы. Л-ның ірі еңбегі – «Дао дэ цзин» («дао – жол туралы және дэ-нің пайдалы күші туралы кітап»). Екі бөлімнен тұратын еңбектің 81 тараудан тұратын канондық мәтіні 5000 иероглифті құрайды. Л. әлеуметтік мұраты шағын ғана еркіндік пен теңдіқ жай тапқан шағын ел. Л. конфуциандық этикадағы иерархия мен ритуалға қарсы қарапайымдылық пен ұстамдылықты бағалады.


ЛЕВИ-БРЮЛЬ Люсьен (1857–1939) – француз философы әрі пси- хологы. Алғашқы адамдар да қазіргі адамдар сияқты ойлаған деген логи- калық бағыт ұстаған эволюционистерге (Э.Тайлор және т. б.) қарсы пікірде болды. Л.Б. «Логикаға дейінгі ойлау жүйесі» теориясымен белгілі. Л.-Б. тұжырымы бойынша «төменгі сатыдағы қоғамда» «ұжымдық таным»
«даралық» танымнан үстем тұрады. Алғашқысы адамзат тәрбиесіне тәуел- сіз және логикалық қайшылықтан ада, ал екіншісі адамның өмірлік тәжіри- бесіне негізделеді және адамзат білімінің өз сөзімен бірге дамып отырады. Л.-Б. ұстанған көзқарас Дюркгейм мектебінің бағытына жақын. «Ұжымдық таным» ұғымы сол мектеп көзқарасымен үндеседі. Шығарм. өмірінің соңына таман «логикаға дейін ойлау жүйесі» терминіне өз көзқарасын өзгертуін талап етті. Алғашқы және қазіргі ойлау жүйесі (екі тип) туралы еңбектерінде абсолютті қайшылық жоқ. Л.-Б. өзінің «Артта қалған қоғам ментальды қызметі» еңбегінде ғылыми айналымға алғаш рет «ментальдылық» ұғым- терминін әкелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет