Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет28/401
Дата29.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#194070
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   401
Байланысты:
treatise187525

АЛГОРИТМ (Орта Азия математигі әл-Хорезмидің арабша есімі- нің латынша algorithmi деп берілуінен шыққан) – бастапқы берілген мәлі- меттермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмыс- ты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптарды орындау, техникалық объекті- лерді жобалау, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу, т. б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы.
Әдебиет: ҚҰЭ. Т. 1. – 258 б.


АЛҒАШҚЫ САПАЛАР – Р. Бойль мен Дж. Локк енгiзген ұғым. Таным теориясының негiзгi ұғымы ретiнде А. с. жайындағы iлiмдi жасаған Дж. Локк болды. А. с. затқа тән және оның объективтiк сипатта болатын қасиеттерi (қозғалыс, тыныштық, өткiзбеушiлiк, фигура, ұзақтық). Механикалық материализм затқа тән кеңiстiк және уақыт тұрғысындағы сападан басқа сапалардың барлығын бекерге шығарады. Локк барлық сапаларды алғашқы және туынды деп екiге бөлдi. Туынды сапалар затқа тән емес, субъективтiк елес, қиял ғана, шындық дүниеде болмайтын, субъективтiк сипаттағылар
– түс, иiс, дәм, дыбыс. Туынды сапалар адам санасына және оларды қабылдаушы субъектiге толық тәуелдi. Барлық сапаларды алғашқы және туынды сапа деп, объективтiк және субъективтiк деп бөлу, сөйтiп, оларды бiр-бiрiне қарсы қою – Локк материализмiнiң үлкен олқылығы. Өйткенi сапа мен сан арасындагы байланыс бұл ұғымнан әлдеқайда күрделiрек. Барлық сапалар объективтi. Сапа заттың iшкi айқындығынан, сезiмдiк сипаттарының, қасиеттерiнiң тұтастығы мен жиынтығынан көрiнедi. А. с. жайындағы Локктiң iлiмi кейiннен Беркли, Мах, Авенариустың және Юм мен Канттың таным теорияларына арқау болды.


АЛЕКСАНДРИЯ МЕКТЕБІ (б.д.д. I ғ. – б.д. VI ғ.). Антика филосо- фиясындағы А. м. ғылыми әдебиеттерде екі түрлі түсіндіріледі. Бұл бір жа- ғынан – б.д.д. І ғасырда Мысырдағы Александрия қаласында өмір сүрген Филон Александрийскийдің философиясы. Филон Александрийский стоик- тік платонизмнің әдістерімен Інжілге түсіндірме жазған ойшыл. Бұл бағыт платондық идеяларды болмыстың негізі деп санайды, дегенмен, осы мектеп идеяларды барлық әлемге жайылған және барлық жанды және жансыз заттарды жарататын шығармашылық от бейнесінде пайымдайды. Әлі де


42

таза монотеистік әдістерді қолдануды меңгермеген сол кездегі барлық ерте христиандық діни ілімдер стоиктік платонизмнің зор ықпалында болды. Александрия қаласынан шыққан Климент пен оның шәкірті Ориген де осы ойлау салтының өкілдері саналады. Екінші жағынан кең мағынасында



  • А. м-не бірінші ғасырлардағы пұтқа табынатын жаңа пифагоршылдық пен эклектикалық мектептерді және жаңа платондық дәстүрдегі барлық бағыттарды жатқызады. Егерде жаңа платоншылдық ілімдердің Римде, Сирияда, Пергамда, Александрияның өзінде де кеңінен таралғанын есерсек, онда А. м-н Филонның және 2–3 ғасырларда өмір сүрген александриялық христиан ойшылдарының философиялық мектебі деп санау қисынға келеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет